Іс-шараларды іске асыру жобасы


2018 жылғы "2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын" іске асыру жөніндегі есебіне аналитикалық жазба


2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақты дамыту бағдарламасы


2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының есебі


2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі


2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының 2017 жылға арналған іс-шаралар есебі.


 

2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі .


 

Тасқала ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының есебіне ақпарат


 

2017 жылдың 1 жартыжылдықтағы 2016-2020 жылдарға арналған БҚО аумағын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат


 

Отчет Программы развития территории Таскалинского района на 2016-2020 годы


2016-2020жылдарға  арналған аумақты  дамыту бағдарламасының  2016 жылға арналған  іс-шаралар есебі.

Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қарашада құрылды және 1996 жылы Каменка ауданы деп аталды, аудан аумағы – 806,1 мың гектар.
Халық саны 2016 жылдың 1 қаңтары 17,9 мың адамды құрады.
Ауданда 9 ауылдық округ, 28 елді мекен бар.
2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданын дамыту бағдарламасы мониторинг Ережелерін құрастыру, іске асыру, жүргізу, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарының дамуын бағалау және бақылау, Елдің аумақтық-кеңістік дамуын болжау кестесі, мемлекеттік бағдарламалар, аумақты дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары, 2010 жылдың 4 наурызында бекітілген №931 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына (әрі қарай – №931 Ережелер) сәйкес құрастырылған.
2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы 2016 жылдың 18 қаңтарында №34 бекітілген.
2016 жылы Бағдарламаны іске асыруға 494,4 млн. теңге игерілді.
2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламаны дамыту бойынша Іс-шаралар жоспарына 631,3 млн. теңге жалпы сомасында 33 іс-шара қарастырылды, соның ішінде:
1 «Экономика» бағыты бойынша – 4,7 млн. теңге сомасында 5 іс-шара,
2 «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша – 297,9 млн. теңге сомасында 11 іс-шара,
3 «Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп» бағыты бойынша – азаматтардың өмірін, құқығын, еркін және заңды мүдделерін сақтау бойынша әлеуметтік-жарамды деңгейді құру және қолдауға 4 іс-шара,
4 «Инфрақұрылым» бағыты бойынша – қаржыларндыру болмағандықтан 1 іс-шара,
5 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» бағыты бойынша қаржыландыру болмағандықтан 3 іс-шара,
6 «Экология» - 1 іс-шара, бюджеттік қаражат жоспары қате көрсетілуіне байланысты, көрсеткіш орындалмады.
7 «Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша – 0,2 млн. теңге сомасында 1 іс-шара, көрсеткіш орындалды.
Бағдарлама 7 бағытты, 16 мақсатты, 50 бекітілген мақсатты индикаторлар, 33 нәтиже көрсеткіштерін іске асыруға 2016 жылы 986,2 млн. теңге қарастырылып, 494,1  млн. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 236,9 млн. теңге бөлінді, орындалу – 212 млн. теңгені құрады, жергілікті бюджет есебінен – 631,3 млн. теңге қарастырылды, 282,1 млн. теңгеге игерілді.
1 Бағыт.Экономика.
1 бағыт бойынша Бағдарламада 1 мақсат, 3 мақсатты индикаторлар, 1 іс-шаралар қарастырылды. 2016 жылы аталған бағыт бойынша 3 мақсатты индикаторлардың  3-і кол жеткізілді.

    1. мақсаты бойынша «Салықтық және салықтық емес түсімдердің толық жиынын қамтамасыз ету» 1 мақсатты индикатор және 1 нәтиже көрсеткіші қарастырылды. 2016 жылы 1 мақсатты индикатор және 1 нәтиже көрсеткіші қолжеткізілді.

Мақсатты индикатор «Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес өсім темпі (қарқыны)». Жоспар – 106%, факт – 120% қолжеткізілді. 

    1. мақсаты бойынша «Өңдеуші өнеркәсіптің өсімін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» 2 мақсатты индикаторлар, 1 іс-шара қарастырылды. «Өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығарудағы нақты көлем индексі»  индикатор көрсеткіші. Жоспар – 100,5%, факт – 95,7%  құрады. Көрсеткіш орындалмады.

Мақсатты индикатор «Өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс көлемі». Жоспар – 422,3 млн. теңге, факт – 528,9 мың теңге.

    1. мақсаты бойынша «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» 9 мақсатты индикаторлар, 3 іс-шара қарастырылды. «Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексіне» қолжеткілмеді, 2016 жылы өнім құны – 6735,7 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2,5% қолжеткізілмеді.

 «Ауданның ауыл шаруашылық құрылымының өсімдік және мал шаруашылығына озық технологияларды енгізу (сорттық тұқымдарды қолдану, ылғал сақтағыш технологиялар, асыл тұқымды малдар санын ұлғайту)» орындалды, болмауына және ауданда жаздық бидай тұқымы бағасының қымбат болуына байланысты тұқымдар сатып алынбады.
Нәтиже көрсеткіші «Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының нақты көлем индексі» орындалмады. Жоспар – 120,3%, факт – 117,8% қолжеткізілмеді. 2016 жылы өнім құны – 6 735 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2,5% қол жетпеді.
Аталған мақсат бойынша 7 іс-шаралар қарастырылды:

  1. Ірі шаруашылықтарды ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыруға ауданда ірі қара мал және ұсақ қара мал шаруашылығы санын ұлғайту  есебінен субсидия түрінде 3 млн. теңгеге қаржыландыру.  
    1. мақсаты бойынша «Шағын және орта кәсіпкерлікті кеңейту және ұстанымын нығатуға, кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыруға, шағын бизнестің бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау» 2 мақсатты индикатор және 3 нәтиже көрсеткіштері қарастырылды. 2016 жылы 1 мақсатты индикаторға қол жетпеді, 1 мақсатты индикаторға және 3 нәтиже көрсеткішетеріне қолжеткізілді.

Мақсатты индикатор «Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі» жоспардағы – 806 бірліктен факт – 848 бірлік орындалды.
 Мақсатты индикатор «Бөлшек сауданың нақты көлем индексі» жоспар бойынша – 103%, факт – 126,5%.
Нәтиже көрсеткіші «Халықтың орташа жан басына шаққандағы бөлшектік сауда айналымының көбеюі» жоспардағы 119 мың теңгеден, факт 153 мың теңгені құрады.

    1. мақсаты бойынша «Тікелей инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға» 2 мақсатты индикаторлар қарастырылды, барлығына қолжеткізілді. Аталған мақсат бойынша іс-шаралар болған жоқ. 

    2.Бағыт.Әлеуметтік даму.

  1. бағыт бойынша Бағдарламада 6 мақсат, 22 мақсатты индикатор, 11 іс-шара қарастырылған. 2016 жылы 19 – мақсатты индикаторлар, 9 – іс-шараларға қолжеткізілді.

2.1 мақсаты бойынша «Сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және балалардың заңды мүдделерін қорғау» 5 мақсатты индикаторлар, 13 іс-шаралар қарастырылған. 2016 жылы 5– мақсатты индикаторлар, 4 – іс-шараларға қолжеткізілді.
Іс-шаралар «Шежін-2 ауылына 50 орындық балабақша құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасақтауға» қолжеткізілмеді, мемлекеттік жеке меншік әріптестік жоспарланды, жеке меншік әріптестіктің бас тартуына байланысты    жобалық сметалық құжаттама жасалмады.
 Іс-шаралар «Химия кабинеттерімен жабдықтауға» колжеткізілмеді, жергілікті бюджет есебінен Білім басқармасымен жоспарланды, бірақ қаржыландыру болмағандықтан орындалмады.
Іс-шаралар «География кабинеттерімен жабдықтауға» колжеткізілмеді, жергілікті бюджет есебінен Білім басқармасымен жоспарланды, бірақ қаржыландыру болмағандықтан орындалмады.

    1. мақсаты бойынша  – «Халықтың денсаулығын жақсартуға» 3 мақсатты индикаторлар қарастырылды және барлығына қолжеткізілді.
    2. мақсаты бойынша«Халықты жұмыспен қамту деңгейін өсіруге» 7 мақсатты индикаторлар, 7 іс-шаралар қарастырылды. Барлық іс-шаралар және мақсатты индикаторларға қолжеткізілді.
    3. мақсаты бойынша«Отандық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау» 3 мақсатты индикаторлар, 4 іс-шаралар қарастырылды.

Іс-шаралар «Аудан кітапханасына кітап сатып алу», «Оян ауылының кітапханасын күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама жасақтауға» қолжеткізілмеді. Бюджеттік өтінімнің нұсқалмауына байланысты қаржыландыру болмады.

    1. мақсаты бойынша  – «Бұқаралық спортты дамытуға» 1 мақсатты индикатор, 2 іс-шаралар қарастырылды.

Іс-шаралар «Оян ауылының спорт алаңы құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасақтау», «Атамекен ауылының спорт алаңы құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасақтау» қолжеткізілмеді. Бюджеттік өтінімнің нұсқалмауына байланысты қаржыландыру болмады.   

    1. мақсаты бойынша  – «Үштілділікті дамытуға» 3 мақсатты индикаторлар, 1 іс-шара қарастырылды.

Мақсатты индикатор «Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі» қолжеткізілмеді, жоспар Мәдениет басқармасымен жасалған. Ағылшын тілін білетін ересек халықтың пайызының (%) аз болуына байланысты, курстарға қаражат қарастырылмады. 
Іс-шаралар «Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі» қолжеткізілмеді. Жоспар Мәдениет басқармасымен жасалған. Ағылшын тілін білетін ересек халықтың пайызының (%) аз болуына байланысты, курстарға қаражат қарастырылмады. 
«Тілдер Фестивалін ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік қазақ тілі статусын дамытуға бағытталған түрлі конкурстар мен байқаулар өткізуді жоспарлауға» қолжеткізілмеген. Тілдер Фестивалін ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік қазақ тілі статусын дамытуға бағытталған түрлі конкурстар мен байқаулар өткізуді жоспарлауға жергілікті бюджет есебінен 760 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толықтай игерілді.
Мақсатты индикатор «Үштілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек халықтың саны» қолжеткізілмеді. Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың пайыздық үлесі халықтың жалпы санынан 5,2% ересек халықты құрады.   
3Бағыт.Қоғамдық  қауіпсіздік пен  тәртіп.
Үшінші   бағыт бойынша Бағдарламада 1 мақсат, 4 мақсатты индикаторлар, 2 іс-шаралар қарастырылды.

  1. жыл ішінде 4 – мақсатты индикаторлар, 2 – іс-шараларға қолжеткізілді.

3.1 мақсаты бойынша «Азаматтардың өмірін, құқығын, еркін және заңды мүдделерін сақтау бойынша әлеуметтік-жарамды деңгейді құру және қолдауға» 8 мақсатты индикаторлар, 4 іс-шара қарастырылған. Барлық іс-шаралар және мақсатты индикаторларға қолжеткізілді.
         4.Бағыт.Инфроқұрылым.
 Бағыт бойынша Бағдарламада 2 мақсат, 3 мақсатты индикаторлар, 3 іс-шаралар қарастырылды.
2016 жылы 2 – мақсатты индикаторлар, 3- іс-шараларға қолжеткізілді.
4.1 мақсаты бойынша «Құрылысты дамытуға» 2 мақсатты индикаторлар, 1 іс-шара қарастырылды. 
Мақсатты индикатор «Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» қолжеткізілмеді.
4.2 мақсты бойынша «Транспорттық инфрақұрылым жағдайын жақсарту» 2 мақсатты индикаторлар, 3 іс-шаралар қарастырылды.
Мақсатты индикатор «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі» қолжеткізілмеді. Жолдарды жөндеу жұмыстары толықтай орындалмағандықтан, көрсеткіш 8,3% орындалмады, жұмыстың аяқталу мерзімі 2017 жыл.
Іс-шаралар «Абай, Жақсығұлов, Жеңіс, Құрманғазы, Чурилин көшелері жолдарының асфальт жабынын мемлекеттік сараптамамен күрделі жөндеу. Ауыл ішілік жолдарға топырақ төсеу, ауыл ішілік жолдарды грейдерлеу, ауыл ішілік жолдарды қысқы ұстау жұмыстары. Жасанды кедір-бұдырларды орнату қызметтері» қолжеткізілмеген. 434,9 млн. теңге сомасында бөлінді. 2016 жылы Тасқала ауылының Абай көшесінің жолдарына 102,3 млн. теңге сомасында күрделі жөндеу жұмыстары, Тасқала ауылының Жақсығұлов, Құрманғалиев көшелерінің жолдарына 89,0 мың теңге сомасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Объект 2017 жылға ауысқан.
5.Бағыт.Тұрғын  үй коммуналды шаруашылығы.
5 бағыт бойынша Бағдарламада 1 мақсат, 2 мақсатты индикаторлар, 3 іс-шаралар қарастырылды.   
5.1 мақсаты бойынша «Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету, тиімділікті арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғыртуға» 2 мақсатты индикаторлар, 3 іс-шаралар қарастырылды.
Мақсатты индикаторлар «Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайтуға» қаражат болмағандықтан үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты, мақсатты индикаторлар орындалмады.
Іс-шаралар «Көп пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу» Тасқала ауылында қолжеткізілмеді. 2016 жылы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық Басқармасының алдын-ала есептеулері бойынша 2 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған. Қаражаттың болмауына байланысты, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді.
6.Бағыт.Экология
6 бағыт бойынша Бағдарламада 1 мақсат, 2 мақсатты индикаторлар, 1 іс-шара қарастырылды. 
2016 жылы 3 – мақсатты индикаторлар, 1 – іс-шараға қолжеткізілді.
6.1 мақсат бойынша «Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға» 3 мақсатты индикаторлар, 1 іс-шараға қаратырылды.
2016 жылы 3 мақсатты индикаторлар, 1 іс-шараға қолжеткізілмеді. Іс-шаралар «Тасқала ауылына қоқыс жәшәктерін дайындау және орнату жұмыстары» аудандық бюджетті нақтылау кезінде қаражат ауылдық округтердің басқа қажеттіліктеріне бөлінгендіктен қолжеткізілмеді.
7.Бағыт.Мемлекеттік қызметтер

  1. бағыт бойынша Бағдарламада 1 мақсат, 1 мақсатты индикатор, 1 іс-шара қарастырылды.

Мақсатты индикатор «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қанағаттанушылық деңгейін арттыру» қолжеткізілді.
Қаржы қаражатын игеру
Бағдарламаны іске асыруға барлық көздер есебінен 2016 жылы 986,2млн. теңгені игеру жоспарланды, 494,1 млн. теңге игерілді. Игеру жоспардағы жалпы соманың 50,1% құрады. Соның ішінде:
республикалық бюджет есебінен – 236,9 млн. теңге қарастырылды, 212 млн. теңге немесе жоспардан 89,4 % игерілді.
жергілікті бюджет есебінен – 631,3 млн. теңге, қарастырылды, 282,1 млн. теңге немесе 44,6% игерілді.

 

Бөлім   басшысы                                                       Л.Тастембекова