Келісілді.                                                                                 Бекітемін
«Тасқала ауданының                                                              «Тасқала ауданының »
Ветеринария бөлімі »                                                             ветеринариялық станциясы»
ММ басшысы                                                                          МКК Директорының м.а.                                                                                                           

К. Утишкалиев                                                                                        М.И. Шамшитова
________________                                                                                 ________________

«      »_________2018ж                                                                           «     »_______2018ж

 

Тасқала ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тасқала ауданының ветеринариялық станциясы» МКК- ның баға ұсынысының ветеринария бойынша
2018 жылға арналған қызметтері

Ветеринарлық қызметтердің атауы

Өлш.бірл

Бағасы , тг

1

Үйге вет.дәрігерді шақырту

1 шақыру

600 тг

2

Жануарларды ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен тыныс алу ауруынан емдеу

1 бас

 

 

МІҚ

 

600 тг

 

Жылқыларды

 

1000 тг

 

Ит пен мысықтарды

 

300 тг

3

Ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен үй жануарларының босануына көмек

 

 

 

МІҚ

1 басқа

2000 тг

 

ҰМҚ

 

600 тг

 

Шошқаларға

 

400 тг

4

Ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен малдың айналып кеткен жатырын орнына келтіріп емдеу курсы

 

 

 

МІҚ

1 бас

2700 тг

 

ҰМҚ

 

500 тг

5

Туғаннан кейінгі бөлім

 

 

 

МІҚ

1 бас

2000 тг

 

ҰМҚ

 

700 тг

6

Ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен Хирургиялық араласу (кавита операциялары, кисариялық бөлім, ісіктерді жою және т.б.)

 

 

 

МІҚ

1 бас

1800 тг

 

ҰМҚ

 

700 тг

 

Ит пен мысықтарды

 

750 тг

7

Қанды жолмен кестіру 

 

 

 

6 айға дейінгі бұқашықтарды. Жасы

1 бас

700 тг

 

6 айдан үлкен бұқашықтарды

 

1000 тг

 

Айғырларды

 

2600 тг

 

2 айға дейінгі торайларды. Жасы

 

300 тг

 

2 айдан 4 айға дейінгі торайларды.Жасы

 

450 тг

 

Үлкен торайларды

 

1000 тг

 

Қошақандарды

1 бас

400 тг

 

Еркек күшіктер, еркек мысықтар

 

2000 тг

 

Ұрғашы иттер мен мысықтардың овариэктомиясы

 

2000 тг

8

Құйрықтардың ампутациясы

 

 

 

қошақан

1 бас

300 тг

 

ит

 

250 тг

9

Ампутация ушных раковин собак

1 бас

400 тг

10

МІҚ аяқтарындағы тұқайларын тазалау және кесу

1 бас

1000 тг

11

Шошқалардың тістерін жұлу

1 бас

500 тг

12

Бұрамалы зондты енгізу

1 бас

1000 тг

13

Жергілікті анестезия

 бөлшегін

500 тг

14

Ит пен мысық

1 бөлшегі

500 тг

15

Ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен асқорыту жүйесі ауруларынан жануарларды емдеу

 

 

 

МІҚ

1 бас

1000 тг

 

Жылқыларды

 

1000 тг

 

Ит пен мысықтарды

 

600 тг

 

Қой мен ешкілерді

 

600 тг

16

Ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен маститтен емдеу (курс)

 

 

 

МІҚ

1 бас

1500 тг

 

Қой мен ешкілерді

 

500 тг

17

Ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен Көз ауруларын емдеу (курс)

 

 

 

МІҚ

1 бас

400 тг

 

Ит пен мысықтарды

 

200 тг

18

Ветеринариялық препараттардың құнын, инъекцияны есепке ала отырып, кейіннен кәдеге жаратусыз өнімді жануарларды ұйықту

 

2500 тг

 

Инъекциялар:

 

 

 

Тамырға

1 бас

300 тг

 

Бұлщық етке

 

250 тг

 

Тері астына

 

250 тг

19

Дезинфекциялау препаратының құнын ескерместен үй-жай мен үй шаруашылығын залалсыздандыру

1м2

50 тг

20

Дезинфекциялау препаратының құнын ескерместен автомобильдерді дезинфекциялау

1 бірлік

700 тг

21

Ветеринариялық препараттардың құнын ескерместен қойларды профилактикалық купкілеу

1 бас

250 тг

22

Камаз қызметтері 4311801310
МН: 785AF07

1 км-ге

200 тг (дизель отынысыз)

 

 

 

 

                                  
Бас есепші:                                              Г.К. Исмагулова.


Тасқала ауданының ветеринария бөлімі бойынша  2017 жылдың
12 айында  атқарылған жұмыстар туралы  мәлімет.



2017 жылы 011 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша  43948,0 мың теңге бөлініп, 43948,0 мың теңге игерілді (жоспар 100%).  Вакцинация аудан көлемінде 2017 жылға бекітілген  эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде. Соның ішінде  құтыруға қарсы 4600 бас ірі қара малы, 4500  бас ҰММ, 600 бас жылқы, 2500 бас ит, 600 бас мысық ; сібір жарасына қарсы  24500 бас ірі қара мал, 46000 бас ұсақ мүйізді мал, 3700 бас жылқы; қарасанға қарсы 22100 бас ірі қара мал егілді;  пастереллез  ауруына  қарсы 11000 бас ірі қара мал, 9500 бас қой мен ешкі, 900 бас жылқы  егілді.15000 бас ұсақ мұйізді малы брадзот ауруына қарсы егілді; Ірі қара малының нодулярлы дерматит ауруына қарсы 30900 бас жоспарланып  егілді. 5300 бас құс жоғары патогенді тұмау ауруына қарсы егілді; 28300 бас ірі қара малы, 50 бас шошқа туберкулезге тексеріліп,  ауру мал анықталған жоқ.
007 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы 2 млн 188 мың теңге бөлініп, соның ішінде 2188,0 мың теңге қаражат игерілді. Аудан бойынша 820 бұралқы ит ауланып, жойылды.
Тасқала ауданы бойынша  2017 жылы  бруцеллез ауруына  30810 бас ірі қара малының қан сынамалары серологиялық әдісімен тексерілді. Тексеру нәтижесінде бруцеллез ауруына шалдыққан 496 бас анықталып, барлығы белгіленген мерзімде санитарлық мал сою орындарына тапсырылды. Тексерілген мал арасында бруцеллез ауруымен зақымдану 1,6% құрады. Ауруға шыққан мал иелеріне 255 нұсқама берілді. Бруцеллез ауруы шыққан 208 аулаға 22910 шаршы метр көлемінде  дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. 2017 жылдың 12 айында 71584 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллез ауруына қарсы тексеріліп, зерттелген мал арасында бруцеллез ауруы анықталмады.
006 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1350,0 мың теңге бөлініп толықтай игерілді.
2017 жылы барлығы ірі қара малға 17310 дана, ұсақ мүйізді малдарға 27000 дана құлақ сырғалары берілді. 2017 жылға 9847 бас ірі қара малын бірдейлендіру жоспарланып, 13889 бас ірі қара малы бірдейлендірілді, жоспар 141%-ға орындалды. Ұсақ мүйізді мал бойынша 30966 бас ұсақ мүйізді малды бірдейлендіру жоспарланып, 31000 бас қой мен ешкі бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді. Жоспар 100%-ға орындалды. Аудан бойынша 1400 жылқы малы бірделендіруге жоспарланып 100 % орындалды.
2017 жылы жергілікті бюджет есебінен 047 «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 4315,0 мың теңге бөлініп соның ішінде-  2016 жылға 50%-нан аспайтын мөлшердегі санитарлық малды тапсырған үшін өтемақы  3 мал иесіне 59 бас санитарлық малды тапсырған үшін 3248,0  мың теңге қаражат игерілді және 2017 жылға 30%-нан аспайтын мөлшердегі санитарлық малды тапсырған үшін өтемақы 12 мал иесіне 31 бас санитарлық малды тапсырған үшін 1066,0 мың теңге қаражат төленді.     
Республика аумағына  2017 жылдың 12- айы ішінде 1886 бас ірі қара малы, 5184 ұсақ мүйізді мал, 253 жылқы тасымалданған.
Аудан бойынша ветеринариялық препараттарды сақтайтын жертөле
«Тасқала ауданының ветеринариялық станциясы» МКК ғимаратының ауласында орналасқан.
«Тасқала ауданының ветеринариялық станциясы» МКК материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні  осы мекемеде 37 адам жұмыс істеп жатыр, соның ішінде 28-і ветеринариялық маман, 1-і бухгалтер және 6-і техникалық қызметкер. Кәсіпорынның ветеринариялық мамандары  9 «Нива», 1 «СсанЕнг»,  1 ДУК (дезинфекцияға арналған автокөлік), 1 УАЗ, санитарлық малды тасымалдайтын «КАМАЗ»  автокөліктерімен және  әрбір ауылдық округ тоңазытқышпен, кеңсе жиһазымен, жануарларды қозғалтпай ұстау құрылғысымен, термочемодандарымен, арнайы киімдермен басқа да ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге керекті құралдарымен қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша 2  ветеринариялық пункт жұмыс істеуде – Достық және Мерей ауылдық округтерінде, қалған ветеринариялық мамандар ауылдық округінің әкімдігінің ғимаратында қызмет атқарады.
Аудан бойынша 12 қарапайым мал моласы бар, 8 ауылдық округтерде біреуден, Тасқала ауылдық округінде  4 мал моласы орналасқан.  Қазақстан ауылдық округінде  1 инсениратор (өлексе өртейтін пеш)  бар.
Аудан бойынша ауылдық округтерде 3  мал сою алаңдары орналасқан, соның ішінде, үшеуіде жұмыс істеуде (Тасқала, Мерей,Амангелді). Тасқала ауылында орналасқан «Арай» шаруа қожалығының мал сою аланына «Газель»-рефрижиратор авто көлігі және басқа да жабдықтар алынды.
Ветеринария бөлімі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, жалпы саны- 6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер, барлығы 1606, оның ішінде: өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру- 6, мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық санитариялық қорытынды беру- 13, ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру- 14, ветеринариялық анықтамалар беру- 808, а/ш жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу- 765.  
Аудандық «Екпін»  газетіне 2 мақала жазылды, «Тасқала ауданының ветеринариялық станциясы» МКК-ң мамандары қатысуымен 6 жиналыс өткізілді.

 

Бөлім басшысы                                      К.Утишкалиев