2017 жылдың басынан бері «Ақ бұлақ» бағдарламасы және инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы туралы ақпарат

«Ақ бұлақ» бағдарламасы

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2017 жылы 2-Шежін ауылының су құбырларын қайта құру (мердігер ұйым - «БатысСтройСервис» ЖШС), Мерей ауылының су құбырларын қайта құру (мердігер ұйым - «Құрылысгаз» ЖШС) және Амангелді ауылының су құбырларын қайта құру (мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурс өткізілуде) жұмыстары жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Атамекен, Қалмақшабын, Алмалы ауылдарының су құбырларын қайта құру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.
Сондай-ақ Мереке ауылының су құбырларын қайта құру және Тасқала ауылының сумен қамту жүйелерін әрі қарай дамыту жұмыстарына және аудан орталығы Тасқала ауылында орталықтандырылған су бұру және тазарту системасына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындау үшін ақау актісін жасау жұмыстары жүргізілуде.

Инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы

Бүгінгі таңда құрылыс салуға ниет білдірген, кезекте тұрған азаматтарға, 2014 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылыммен қамтылған (әзірленген) 118 жер участкесінен жер беру жұмыстары жалғасуда.
Ендігі кезде, бұл әзірленген жер участкелерін игеру (үй салу) жұмыстары, жер алған азаматтардың құрылыс мақсатына жұмсайтын қаражатының жетіспеушілігі салдарынан кешеуілдеуде.  Осындай себеппен, әзірленген жер участкесін тұрғын үй салу үшін 3 жыл мерзімге кезекпен алған 2016 жылы – 3 азамат, 2017 жылдың 5 айында – 2 азамат үй салудан бас тартып, жерді уәкілетті органға қайта тапсырды. Қайтарылған жер участкелері кезектегі келесі отбасыларына беріледі.
Ағымдағы жылдың 1 маусымына 575 азамат жеке тұрғын үй салу үшін жер алуға кезекте тіркеулі.
Жеке меншік тұрғын үй құрылысына бөліммен 2016 жылы – 88, 2017 жылы – 60 рұқсат берілді.  2016-2017 жылдары аудан бойынша, жалпы көлемі 3097,4 шаршы метрді құрайтын, құрылысы аяқталған, барлығы 36 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданып, тіркелді.
Сондай ақ ағымдағы жылы төрт 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үй (олардың 2-еуі – 4 кіреберісімен, 72 пәтерлік; 2-еуі – 2 кіреберісімен, 36 пәтерлік) құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. 

2017 жылы келесі нысандар бойынша жобалық сметалық құжаттамалар жасақталуда:

  • «БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылында 320 көрермен орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы»;
  • «БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылында 280 орынға арналған балабақша құрылысы».

Әлеуметтік нысандар

«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің тапсырмасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2015 жылдың қыркүйек айынан «Орал-Переметное-Тасқала-Озинки (Ресей Федерациясының шекарасы)» Республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта құру жұмыстары басталды. Жол құрылысы жұмыстары, жоба бойынша 2018 жылдың мамыр айында аяқталуы тиісті.