Инвесторлар мен кәсіпкерлерді Тасқала өңірінің байлығын игеруге шақырамыз.

Жайық өзені аймағындағы Каменка елді мекені (Тасқала ауылының ескі атауы) ХVІІІ ғасырдың әйгілі натуралисі П.С.Палластың 1768-1773 жылдар арасында «Петербургтен Байкалға дейін табиғатты жанжақты зерттеу экспедициясы» жөніндегі еңбегінде аталған.  

Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қарашада құрылып, 1996 жылға дейін Камен ауданы аталып келді. Аудан Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қазақстан мен Орталық Азияны Ресейдің Еуропалық бөлігімен қосатын темір жолы бойында, сонымен қатар Орал-Саратов автокөлік жолының бойында орналасқан, Ресей Федерациясының Саратов облысымен, Батыс Қазақстан  облысының Зеленов, Ақжайық және Казталов аудандарымен шектеседі.

рисунок

 

Шипово темір жол стансасы (бекеті)

Ауданның жалпы аумағы 806,1 мың гектар, халық саны 2014 жылдың 1 қаңтарына 17,6 мың адам болды. Аудан орталығы - 7,9 мың халқы тұратын Тасқала ауылы, облыс орталығы Орал қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан.

Аудан рельефінің таулы және тепе-теңдік сипаты бар.

Аудан аймағында Батыс Қазақстан облысының ең биік нүктесі, теңіз деңгейінен 259 метр биіктік құрайтын,  жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші «Большая Ичка» (Ешкі Тау) тауы бар.  Бұл ескерткіш ретінде  табиғи ландшафтты сақтау мақсатында көлемі 175 га көлемінде бекітілген.

рисунок

 

Ешкі Тау басынан көрініс

Бұл таудың басынан ашық күндері 80 шақырым қашықтықтағы  Орал қаласы, 45 шақырым жердегі Саратов облысының Озинки ауылы көрініп тұрады. Таудың шығыс баурайында тұщы су бұлағы ағып тұрады, орман - қалақай алқабы сақталған, сирек кездесетін өсімдіктер, суыр, безгелдек тағы да басқа жануарлар кездеседі. Бұдан басқа Тасқала ауылы айналасында Глазистая, Сундук гора, Синегорье таулары бар.

Ауылға жақын Глазистая тауының солтүстік бетіне аспалы сым арқан жолын салып, қыс айларында шаңғы сырғанағын ұйымдастыруға болады.

Ауданның бұл ерекшелігі, қай жастағы болсын, саяхатшылардың (туристердің) барлық категорияларын, еліміздің өлке танушыларын еліктіреді. Сондықтан, ауданның туристік, спорттық  даму потенциалы мол.

рисунок

Деркөл өзені

Ауданның гидрографикалық желісіне Шаған өзеніне құятын 90 шақырым ұзындығы бар- Деркөл өзені, 1-Шежін, 2-Шежін шағын өзендері кіреді. Киров бөгенінен бастау алатын Жайықбай каналы - Косшы, , Қазақстан, Шежін және Мереке ауылдық округтері аумағымен өтеді. Шежін ауылдық округінің аумағында «Бірқазан» мемлекеттік қорығы бар, онда суда жүзетін құстар мен жабайы аңдар қоныстаған.

Ауданның бұл жағдайы Орал қаласы мен аудан көлеміндегі аңшылар мен балық аулаушыларды былай қойғанда, Ресей Федерациясының көршілес Самара және Саратов губерниясының аңшы және балықшы әуесқойларын қызықтырады.

Аудан құрылған мезгілде барлығы 40 колхоз, 6 совхоз және  2 МТС қалыптасып, ауыл  шаруашылығымен айналысқан.

Кәзіргі таңда ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 9 ауылдық округтен құралып, онда 28 елді мекен орналасқан.

Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының басым бағыты - мал шаруашылығы және егін шаруашылығы болып табылады.

Казіргі уақытта аудан бойынша 882 жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Олардың көпшілігі шағын бизнес өкілдері, соның ішінде шаруа қожалықтар мен серіктестіктер халыққа тұрмыс, тамақ қажеттіліктерін өтеу саудасымен айналысады.

Бүгінгі таңда ерекше қарқынмен ауданда қазақтың етті тұқымды ақбас ірі қараларын өсіретін шаруашылықтар, оларды өткізетін сауда өнеркәсібі және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің подхозындағы Батыс Қазақстан етті-жүнді тұқымды қойларды шығару шаруашылықтары дамып келеді.

2014 жылдың тамыз айынан бастап аудан орталығында қазіргі таңда Еуропа нарығында сұранысы мол қымбат терілі-шиншилла, шағын аң шаруашылығы ашылды.

Осы өнеркәсіптерден түсетін барлық салық түсімдері аудан бюджетінің небары 15% құрап отыр, аудан қаражатының қалған түсімдері субвенциялар мен трансферттер құрайды.

рисунок

 

Тасқала ауданы әкімдігінің ғимараты

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу үшін Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылу тұжырымдамасын мұқият жетілдіріп, жүзеге асыру қажеттілігін көрсеткен.

Елбасымыздың айтуынша: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек».

Жолдауда ауылшаруашылық саласын дамыту, қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті  дамыту жолдарын айқындау арқылы алынған шаралар нәтижесінде 2050 жылға қарай Ішкі Жалпы Өнімдегі ауылшаруашылық үлесі 5 есе артуы тиіс, Отандық кәсіпкерлікжаңа экономикалық бағыттыңқозғаушы күшіболып табылады делінген.

Өңірлер инвестициялар тартуға мүдделі болуы үшін жер қойнауын пайдалануға мораторийді жою қажет.

Осыған байланысты, Қазақстан елінің өркендеуіне, әлемдегі 30 дамыған елдер қатарына кіру жолында Тасқала ауданының қосар үлесі зор деп есептейміз.

Аудан көлемінде көп жылдардан бері барлау жұмыстары арқылы нақтыланып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттік органдарымен бекітілген кең таралған жер асты пайдалы қазбалар қорлары ауданымыздың айрықша даму потенциалы болып табылады.

Жер асты пайдалы қазбаларын жаңа технологиялар негізінде игеру арқылы болашақта Тасқала ауданында   орасан салық түсіретін өндіріс орындарын  ашу мүмкіншіліктері бар.

Соның ішінде:

1. Көмірсутекті  шикізат қорларын өңдеу арқылы жанар май өнімдерін, көгілдір отын, әртүрлі химиялық өнімдерін шығаруға болады. Тасқала аумағындағы барлап, зерттелген мұнай және газ қорларының мөлшері мен сапасы БҚО Ақсай қаласы жанындағы Қарашығанақ қорынан кем еместігі анықталған. Аталған қордың  бұл ерекшелігі - ауданның зор потенциалы.

Қәзіргі таңда аудан көлемінде бұл қорлардың мөлшерін қайта нақтылау жұмыстары жүріп жатыр.

2. Табиғи кварцты құмды өңдеу - электроникада кең пайдаланылатын (полупроводник өндіру үшін), дүние жүзінде өте тапшы (дефицитті), поликристалдық кремний және әртүрлі әйнек немесе әйнек бұйымдарын шығару өндірісі.

Соңғы кезеңдерде, ғалымдардың дәлелдеуінше,  кремний құнының өсу барысы дүние жүзіндегі мұнай құнының өсуінен де әлдеқайда көтеріңкі деңгейде.Өте пайдалы бұл өндірісті қолға алу ірі кәсіпкерлер мен инвесторлардың қолында.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Тасқала ауылында, құрылыста немесе темірбетон бұйымдары өндірісінде аустырғысыз материал - темірарматураға баламалы (альтернативті) композиттік әйнекталшықты арматура өндірісінің инновациялық технологиясы сынаудан өтті. Бұл өнімнің, өзіндік құны мен салмағы темір арматурасымен салыстырғанда әлдеқайда төмен болғандықтан, бүгінгі күнде бәсекелесі жоқ.

3. Портландцемент өндірісі еліміздің, соның ішінде Батыс Қазақстан аймағының және көршілес Ресей Федерациясының көршілес аудандарының құрылысқа жетіспейтін цемент материалымен қамту мәселесін шешеді. Аудан өңіріндегі цемент өндірісіне жарамды шикізаттар, Ресей (Вольск) және Европа (Дания-FL Smidth, Турция) елдерінде зерттеліп, өте жоғары сапалы портландцемент, сульфатты және тампонаждық цемент шығаруға лайық деп танылды. Сондықтан, Тасқала цементі бәсекелестік ортаға толық жарамды болғандықтан, инвесторларды қызықтырады.

4. Құрғақ құрылыс қосындылары өндірісіаудан төңірегіндегі молтарағанақ борқорын өңдеу - құрылыста аса көп пайдаланатын құрылыс материал көзі. Бұл өнімді экспортқа да бағыттауға болады.

5. Отқа төзімді және күйдірілген кірпіш шығару өндірісі.Бүгінгі таңда қара және түсті металл, цемент, тағы басқа  зауыттарының пештеріне пайдаланатын отқа төзімді (огнеупорный) кірпіш Ресейден әкелінеді.

Кезінде отқа төзімді кірпіш, аудандағы Семиглавый Мар станциясы жанында шағын пеште өндіріліп, Ұлы Отан Соғысы жылдары Кеңес Одағының  металл өндірісі мен қару-жарақ шығаратын зауыттарына теміржол вагондарымен жөнелтіліп отырған. Бұл отқа төзімді кірпіш өнімінің Қазақстандық пайдаланушыларға және экспортқа да бағыттау потенциалы мол.

Бүгінгі таңда Тасқала ауылында тек бір шағын кәсіпкерлік өндіріс, күйдірілген (жженый) кірпіш шығарып отыр және қолданыстағы сазбалшық шикізатының сапасы жоғары болғандығынан, шыққан өнім де өте сапалы және сұранысқа ие болыпотыр.

Бұдан басқа, ауданда шамот-саз балшығынан (шамотная глина) қыш-құмыра бұйымдарын (гончарные изделия) шұғару өндірісін ашу мүмкіндігі бар.

6. Қиыршықтас (щебень) шығару зауытыныңтабиғи тастарды өңдеу жалпы құрылыста және жол құрылысына пайдаланатын материал шығару мүмкіншілігі бар.

7. Аудан аймағындағы көп тараған опока (SiO2, CaO,MgO, SO3, P2O5жер асты шикізатынөңдеу арқылы да экспортқа бағымдалған әртүрлі өнім шығаруға болады. Жаңа технологиялар арқылы бұл шикізаттан жол құрылысына да жарамды материалдар шығаруға болады.

Қазіргі таңда Тасқала ауылында, бұл шикізаттан, белгілі керамзит орнына пайдалануға болатын, ылғал алмайтын көпіршік әйнек қиыршығы мен блоктар (пеностеклогранулы и пеностеклоблоки) өндірісі қолға алынуда.

Бұл өнім, осы күнге дейін құрылыста кең пайдаланып келе жатырған керамзиттен, өзіндік құны мен экологиялық параметрлері бойынша артып түседі.

Бұл өндірістердің барлығының да пайда түсімі өте зор, сұранымы мен экспорт потенциалы мол. Сондықтан, инновациалық технологиялар арқылы, Тасқала ауданы, ауыл шаруашылығы бағытымен қоса, өнеркәсіптік бағытын дамыту арқылы жаңа жетістіктерге жету мүмкіншілігі зор.

Аталған өнеркәсіп өндірістері түгел іске қосылған жағдайда, Тасқала ауданы, қәзіргі кездегі демеуқаржылық (дотационный) аудан есебінен, донорлық аудан дәрежесіне ауысып - тек облысымыз ғана емес, бүкіл Қазақстан елінің бюджетіне кіріс қомақтылығы жағынан дүние жүзінің алдыңғы қатарлы дамыған елдері деңгейіне жетер мүмкіншілігі бар екені сөзсіз.

Бұл, әрине, қомақты қаржының қатысуын қажет етеді. Мемлекет тарапынан қолдау арқылы, кәсіпкерлер мен отандас және шетел инвесторларының біріккен әрекеті тиісті нәтиже береді деп, біз потенциалдық инвесторлар мен кәсіпкерлерді ауданымызға шақырамыз.