Тасқала ауданы әкімдігі Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Мекенжайы: 091000, БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы, Абай көшесі 11

Электронды адрес: taskala_namis@mail.ru

Байланыс телефондары: 87113940026

 

Орталықтың негізгі міндеттері:

1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Тасқала ауданында жастар қоғамдық бірлестіктерінің, тиісті мемлекеттік және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдар мен кәсіпорындардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қызметін үйлестіру болып табылады.

1) жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

2) жастар саясаты мәселелеріне қатысты басқа мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жағдай жасау, сонымен қатар жас кәсіпкерлерді, жас отбасыларды, жастардың әлеуметтік осал санаттарын дамыту және қолдау тетіктерін әзірлеу, студенттік, жұмысшы және ауыл жастарын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.