Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы ақпан айында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 99-қадамын іске асыру аясында, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесі құрылды.
Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы 25 адамнан сайланып, құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілді. Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында төрағалығына Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тасмағамбетов Бақтығұл Жұмажанұлы сайланды. Ауылдық округтер дең­гейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.  
Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесінің экономика, бюджет, қаржы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі (төрағасы Нұрмақов Асқар Габдрахимұлы) және Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі (төрағасы Тұрғаналиев Ганмирлан Ғұсманұлы) тұрақты комиссиялары құрылды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қоғамдық ба­қылау функциясын қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру, қоғамдық сараптама жүргізу, қо­ғамдық мониторингтеуді іс­ке асыру, қоғамдық кеңес оты­­рыстарында мемлекеттік ор­гандардың жұмыс нәтижелері туралы есеп­терін тыңдау секілді 4 те­тігін белгіледі.
Осы бағытта Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесінің 2016 жылы І жартыжылдықта мынадай мәселелер қаралды:

  1. Аудан әкімінің есебі;
  2. Тасқала аудандық қоғамдық кеңесінің 2016 жылға жұмыс жоспары;
  3. «Тасқала ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша  реттеу  туралы» мәслихат шешімінің жобасы;
  4. Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы;
  5. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің аудандағы мәдениет саласы бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі;
  6. 2015 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуының жылдық есебін қарау туралы;
  7. Тасқала ауданының 2020 жылға дейінгі даму жоспары;
  8. Тасқала ауылында такси тұрақтарын ұйымдастыру туралы;
  9. Аталған Заңның 18 бабының 4 тармағына сәйкес Қоғамдық бақылау мақсатында, жұмыс нәтижелерін жария талқылау үшін Тасқала ауылы әкімі орынбасарының ауыл тазалығы және абаттандыру жұмыстары туралы есебі тыңдалды;
  10. Ауданның жол мәселелері жөнінде атқарушы органын тыңдау;
  11. Аудандық білім бөлімінің аудандағы жалпы орта білімді жаңғырту мәселелері туралы  есебі;
  12. Аудандық мәслихат бізге жолдаған Тасқала ауылының ардагерлері кеңесінің атынан түскен  сәйкес арызға сәйкес су бағасының жағдайын талқылау;
  13. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторингі нәтижелері туралы есебі;
  14.  «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» мәслихат шешімінің жобасы;
  15. «Тасқала ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы»  мәслихат шешімінің жобасы;
  16. Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің 2017 жылға жұмыс жоспары.

          24 мамырдағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Жер кодексі туралы мәселе қаралып, Жер Кодексін жетілдіру мақсатында өзгерістер енгізу мәселесі бойынша аудан тұрғындарымен кездесулер барысында түскен ұсыныстарды талқылап, облыстық Қоғамдық кеңеске жіберілді.

 
Тасқала ауданының
Қоғамдық кеңесінің
хатшысы Т.Ержігітова