Рухани жаңғыру: дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы (Ақжайық өңіріндегі өрелі һәм өнегелі істер қарқыны)


«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы бойынша  Тасқала ауданында 2017 жылдың  сәуір-желтоқсан  айларында атқарылған шаралардың есебі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Тасқала ауданында іске асыру бағытында аудандық шаралар жоспары жасақталып, барлық деңгейдегі кітапханаларда кітап көрмелері ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандық жұмыс тобының  7 отырысы өтті.
Жоспарға сай сәуір-желтоқсан айларында   барлығы 89  шара өтіп, оған       15074 (88,3 пайыз) адам қамтылды. Атқарылған іс-шаралар бойынша 2018 жылдың 18 қаңтар күні сауалнама жүргізіліп, 1800 тұрғын (10,5%)  қатысып, 94,8% (1707 тұрғын) бағдарламасымен таныс екендігін, 5,2% (93 тұрғын) бағдарламаны естігенін, толық оқып таныспағанын айтса,  бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан іс-шараларды  90% (1620 тұрғын) білетіндігін, 5,4% (98 тұрғын) естігінен, 4,6% (82 тұрғын) бейхабар екендігін, бағдарламаны өзіңізден бастар болсаңыз, сіз бірінші болып неден бастар едіңізсауалына 24,8% (448  тұрғын) тұрғынжайларын жаңарту мен тазалаудан, 24,1% (435 тұрғын) аула сенбіліктерін ұйымдастыру және сабақтарды жөндеуден бастайтынын, 29,7% (536 тұрғын) ұлттық ойындар мен рухани мұраларымызды қайта қолға алудан, 21,1% (381 оқушы) ағылшын тілін,  әдеби сабақтарын тереңдетіп оқудан бастайтынын айтты.
Кіріспе
І. «Туған жер» арнайы жобасы:
        Арнайы жоба аясында ауданда 2017 жылы тұрғындар арасында бағдарламалық мақаланың кеңінен түсіндіру жүмыстары, кіші бағдарламалар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Арнайы жобаның мән-мағынасы, ұтымды тұстары мен халықтың әлеуетін арттыру  жұмыстары жүргізілді.

    • «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы:

2017 жылдың сәуір-желтоқсан айларында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 15 іс-шара ұйымдастырылып, 1147 адам (оқушы - 776, студент жастар - 231, мұғалім – 140) қамтылды. Іс-шараларға жұмсалған қаражаты –  858,0 тг.
Кіші бағдарламаның «Өлкетану» базалық бағыты бойынша - 5, «Отаным – тағдырым» базалық бағыты аясында - 8, «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша - 2 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап өтер болсақ, тамыз айында өткен «Өңірдің көркі – Ешкітау» атты Ешкітауға  аудандық жас зерттеушілер экспедициясы оқушылардың қызығушылығын туғызды. Жас зерттеушілерге тарихшы Н.Вологин Ешкітау аймағындағы ерекше қорғауға алынған өсімдіктерді бақылап, орналасуын, өсуін зерттеп, қорғауға алынған ерекше аймақтың маңыздылығын түсіндірді. Экспедиция кезінде сирек кездесетін өсімдіктер туралы мәліметтер жинақталып, ауылымыздың тарихи ескерткіштері туралы таныстырылды. Шара нәтижесі бойынша оқушылардың табиғатты қорғау, табиғатпен жақындастыру арқылы оқыту, тәрбиелеу мазмұны ашылды.  Ешкітау аймағындағы ерекше қорғауға алынған өсімдіктер туралы, фотоальбом жасақталды. Оқушылардың жекелей жұмыс жүргізуіне мүмкіндік жасалынды.
Қыркүйек айында  ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында Жәңгір хан  атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетімен үш жақты  келісімшарт жасалып, аудан орталығындағы С.Жақсығұлов және Қ.Сәтбаев ЖББОМ-нің  8-9 сынып оқушылары арасында факультатив ретінде облыс бойынша тұңғыш «Агросынып» сабағы енгізіліп, 61 оқушы білім алуда. Сабақ ауыл шаруашылығы бойынша аталмыш  университеттің аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Б.Сидиховтың жетекшілігімен жүргізіледі. Факультатив нәтижесі бойынша қараша айында "Ауыл шаруашылығына кіріспе" курсының тәжірибелік кезеңіне Орал қаласындағы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне экскурсиясы жүргізді. Мал дәрігерлік, ауыл шаруашылық мамандығының қажеттілігі туралы түсінік берілді. Сонымен қатар 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, әңгімелесу  жүргізілді. Кездесуден кейін университеттің үлкен мұражайына барып, Жәңгірханның өмірі және тарихи кезеңдерімен танысып, саяхат жасады.  
1.2. «Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» арнайы жобасы:
«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» арнайы жобасы бойынша нақты 8 іс-шара ұйымдастырылып, 1308   адам (542 ересек тұрғын,  321 жастар, 291 оқушы, 154 мұғалім)  қамтылды.
Атап өтер болсақ, жыл бойына  «Біз  латын  тілін  қолдаймыз!» тақырыбында барлық деңгейлік кітапханаларда кітап көрмелер, қараша айында  «Қазақ әліпбиінің кирилицадан латын графигіне ауысу» туралы дөңгелек үстел, «Латын графикасы – ұлт келешегі, тәуелсіздік жемісі» тақырыбында пікірсайыс, «Латын графикасы жөнінде не білесіз?» тақырыбында тұрғындармен блиц – сауалнама жүргізілді. Аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, кітапханашылар, аудан жастарынан 227 тұрғын қатысып,  латын графикасы жөнінде ақпаратпен 87,2% (198 адам) таныс, 12,7% (29 тұрғын) таныс еместігін айтса,  маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде ақпаратпен 81,9% (186 адам) ақпараттанса, 18,1% (41 адам) бейхабар. Латын графикасына көшуге 75,3% (171 адам) оң көзқарас танытса, 18% (41 адам) қарсылығын, 6,6% (15 адам) бейтараптылығын білдірді. Олқылықтың орынын толтыру мақсатында 8 ауылдық округте және 3 мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  ақпараттар берілді. 
1.3.  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша:
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынш  46 іс-шара ұйымдастырылып, 9561 адам (4328 ересек тұрғын, 2856 –жастар, 1270 оқушы, 1107 өнерпаз) қамтылды. Жүзеге асқан іс-шаралардың қаражаты – 2 млн 386,0 тг.
Кіші бағдарламаның «Туған жер  - туған ел» базалық бағыты бойынша 35 шара, «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша 2 шара, «Қазіргі Қазақстанның мәдени жетістіктері» базалық бағыты бойынша  9 шара ұйымдастырылды.
Аталмыш кіші бағдарламаның «Туған жер  - туған ел» базалық бағыты, «Мәдени даму» жобасы аясында «Ит төресі -тазы»  атты  қазақы шашақ құлақ тазылардың  далалық сынақ байқауы өткізілді. Шара мақсаты «Иттің бәрі – тазы емес» қағидасын берік ұстану арқылы  қарумен емес тазының ептілігімен аң аулауды халыққа насихаттау. Сынақ тазыларды ор қояндарға салу арқылы сыналып, 25 тазы, 25 итбегі қатысты. Сонымен қоса, итбегілер 2018 жылы  мамыр айында өткізілетін көрмеге шақырту алып, ауданның итбегілерімен түрлі кездесулер өткізіп, телебағдарламаларға қонақ болып, сұхбаттар берді. Шараға Батыс Қазақстан облысының аудандары, Ақтөбе облысының итбегілері қатысты. Шара нәтижесі бойынша аудан тұрғындарының, оқушылардың, жастардың қызығушылығы артып, бүгінгі таңда ауданда таза қазақы тазылармен айналысатын 10  итбегі азамат бар.
Қыркүйек айында «Туған жерге тағзым» атты ашық облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Жас ақындар арасында туған жерге деген махаббатты ояту, Тасқала тарихын жырларына арқау ету мақсатында ұйымдастырылған жыр мүшәйраға облыстың аудандарынан арнайы келген оқушы, студент ақындар өзара бақ сынады. Мүшәйраға қатысушы ақындар «Туған жерге тағзым» бөлімінде Тасқала топырағын жырларына арқау етсе, «Азаттық таңы арайлы» бөлімінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын және «Алаш» партиясының 100 жылдығын жырласа,  «Жастықтың жалын жырлары» атты бөлімде еркін, төл шығармаларын оқыды. Мүшәйра мақсаты ақындардың патриоттық сезімдерін арттыру, жауһар жырларын көпшілікке насихаттау, Тасқала топырағын таңбалау, ауданның әдебиетке құмар жастарына қолдау білдіру болып табылады. Шараға 15 ақын қатысты, жүлдені өзара бөлісті. Мүшәйра нәтижесі бойынша ақындардың өлеңдері шағын кітапша болып басылды.   Аудан атынан қатысқан Бауыржан Мендешев алғыс хатпен марапатталып, облыстық байқауларға жолдама алды. Өлеңдері аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси  газетіне жарияланды.
Желтоқсан айында «Ақ тілеу» халықтық әжелер ансамблінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ұлттық өнегені бүгінге жеткізген, тасқалалық «Ақ тілеу» халықтық әжелер ансамблінің 30 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Шарада ансамбьлдің қалай құрылғаны, әр жылдары жасақталған топ құрамы, шығармашылық жетістіктері мен өткен қызықты шақтары еске алынды. Мерекелік шараға арнайы келген қонақтарымыз, көршілес Зеленов ауданынан келген әжелер ансамблінің ұжымы әжелерімізді мерейтойларымен құттықтаса, ауданның «Құрметті азаматы» жерлестеріміз Қанатқали Қожақов,  Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимова мен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әмірхановтар ақ ниеттерін білдірді. Шара мақсаты әжелеріміздің төл өнерімізді, ұлттық мұраларымызды насихаттау, тәлімі мен тәрбиесі мол кештерді халыққа сыйлау,  қоғамдағы әжелер рөлін қалыптастыру, жас ұрпақ санасына дәстүрлі, төл өнерді сіңіру, тарихи сананы қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар ауданымыздың барлық білім беру мекелерінде қыздар клубы құрылып, «Ақтілеу» әжелер ансамбьлімен бірлесе,  төл өнерлеріміз бен тарихи мұраларымызды, салт-дәстүрлерімізді насихаттап келеді.
Базалық бағыттың «Спорттық рух» жобасы бойынша мамыр айында Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловты еске алуға арналған қазақ күресінен  2006-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Тасқала ауданының ашық біріншілігі өткізілді. Шара мақсаты жерлес батырымыздың даңқын асқақтату, ерлігін елге паш ету, жастар бойынша қаһармандық, ержүректілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Жарыс нәтижесі  бойынша  Ақтөбе, Атырау облысы және облыстың аудандарынан 97 спортшыдан құралған 12 команда қатынасып жүлделерді өзара бөлісті. 
        «Жергілікті туризм» жобасы бойынша қыркүйек айында  аудан жастарын мен еріктілерін өңіріміздің тарихи байлықтарымен таныстыру, мұражайға деген қызығушылықты ояту мақсатында  қалалалық өлкетану мұражайларына саяхаты  ұйымдастырылды. Аудан тұрғындары Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығын, облыстық өлкетану музейін тамашалап, қаланың тарихи орындары, «Коворкинг» жұмысымен танысты. Шара нәтижесі бойынша аудан еріктілері ауданымыздың жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ғимараты ішінен қол жұмыстары мен батырма қағаздар, түрлі бұйымдар арқылы коворкингтік зал жасақтады. Бұл зал аудан жастарының уақытын тиімді пайдалануға, шығармашылықпен айналысуға арналады.
Сонымен қатар, ауданымыздың мектеп оқушылары Бөкейорда ауданында орналасқан «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» енген тарихи орындар мен нысандарына, «Бөкей орда» тарихи кешеніне  экспедиция жасап, танысты. Аталмыш шараның оқушылардың тарихи танымын, ұлттық санасының қалыптасуына ықпалы зор. Туған мекенін, өңір өткенін білуге бағытталған шараға мектеп оқушыларының қызуғышылығы жоғары болды. Аталмыш шара аясында қыркүйек айында мектеп оқушыларына, экологиялық тәрбие беру, өлкенің тарихын зерттеу, қорғау бағытында аудандық жас зерттеушілердің ауданымыздың көркі Ешкітауға, Деркөл өзенінің жағасына тазалау-далалық сараман жұмыстарын жүргізді.
«Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша  «Ноғай-Шежін» қорымынына экспедиция жұмыстары жүргізілуі мақсатында құрамында облыстық тарих және археология орталығының мамандары бар экспедиция мүшелері және ауданның тарихшы мамандары мен ақсақалдары аудан аумағындағы "Ноғай-Шежін" қорымында болды. Экспедиция нәтижесі бойынша зерттеушілер көне құлыптастар мен обаларды тапты.  Табылған құнды жәдігерлерді фотоға суретке түсіріп, аталмыш қорымның картасын жасады. Сонымен қатар осы экспедиция барысында Мереке ауылдық округі аумағындағы РФ шекарасына 200 метр жерден табылған "Мереке сайы" (шартты атауы) қорымындағы құлпытастардың оқылуы ұйымдастырылды. Аталмыш қорымның ұзындығы 140, ені 60 метрді құрайды. Қорымда табылған құлпытастардан Ақболат Әнтейұлы және Шүкір Мыңбайұлы есімді тұлғалардың есімі оқылды. Қорымды зерттеу жұмыстары қолға алынатын болады.
«Қазіргі Қазақстанның мәдени жетістіктері» базалық бағыты бойынша
Қыркүйек айында «Шеберлер қалашығы – Город мастеров» атты қолөнер туындыларының фестивалі, фото көрме байқауы, ауылшаруашылығы жәрмеңкесі, мерекелік шаралар, бәйге, тазылар жарысы және басқа да спорт ойындары өтті. Шараға облыстан, сонымен қатар көршілес Ресей Федерациясының Саратов, Дарғаш, Озинки аудандарынан арнайы шақырылған делегаттар,  аудан тұрғындарынан 2000 мың  жуық адам қатысты. Қолөнер байқауына ауданның 9 ауылдық округі, екі дербес мекемесі қатысты. Фестиваль аясындағы  көрмеге бесік, ұлттық нақыштағы бұйымдар, ат әбзелдері, ас үй бұйымдары қойылды. Сонымен қоса, үздік жұмыстарды ауданның мектептен тыс тәрбие орталығына тарту етіліп, оқушылардың шығармашылығын шыңдауына ұсынылды.  
1.4. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша:
 «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағыты  бойынша  21 шара ұйымдастырылып,    4366 адам (Оқушы – 947, жастар – 1806, ересек тұрғын – 1613)  қамтылды. Іс-шаралардың қаражаты – 4 млн 139,8тг.
Кіші бағдарлама аясында  желтоқсан айында аудандық «Жыл үздігі – 2017» жастар сыйлығын табыстау шарасы өтті. Жастар сыйлығы 10 аталым  бойынша жүзеге асты. Ауданның дамуы мен өркендеуіне ат салысқан азаматтардың, жастардың еңбегін ескеріп, ынталаңдырылды.  Шараға 80-нен аса үміткер  қатысты.
Жыл ішінде  меценаттардың, кәсіпкерлердің қолдауымен   ауданның ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен отбасылары бойынша 980 адамға 3 млн 330,8 теңгеге көмек көрсетілді.
 «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағыты аясында 2017 жылы жалпы құны 5 млн 314, 2 мың  теңге құрайтын  7 жоба іске асырылды.
Аудан бойынша халықтың тиімді өмір сүруін, тұрғындар әл-ауқатын көтеру мақсатында бірнеше шаралар жүзеге асты. Аудан тұрғындары мен меценаттардың тікелей қолдауы және бастамасымен:

  • 200 мың теңгеге Амангелді ЖББОМ балабақшасы жанындағы  мұражай жаңартылды.
  • 100 мың теңгеге Атамекен ауылының жастар саябағының қоршауын тікенді сыммен күшейту жұмыстары жүргізілді.
  • 105 мың теңгеге Атамекен ауылдық футбол командасына (7 адам) спорт киімдері алып берілді.
  • 309,2 мың теңгеге Достық ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды.
  • 1млн 600 мың теңгеге ауданның 12 орта мектебінің футбол командаларына  спорттық киімдер алып берілді.
  • 1 млн теңгеге Атамекен ауылдық округінің саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді
  • 2 млн теңгеге Мерей ауылының оңтүстік шығысындағы Бақалы көліне жөндеу жүргізіліп,  көлді үлкейтіп, балық жіберілді.

2017 жылы Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен ауылында  «Жерлестер форумы» өтті. Кәсіпкерлер, мектеп түлектері өз туған ауылдарына  500 мың теңгеге ауылдың төлқұжатын,  1 млн. теңгеге ауыл саябағын абаттандыруға, 2 млн. теңгеге заманауи хоккей алаңын салу бойынша мәмілеге келіп, жұмыстар  2018 жылы жүзеге асырылады. 
1.5. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша:
Әлеуметтік желіде 254, аудандық «Екпін» газетінде 83 материал, «Егемен Қазақстан» газетінде «Ит төресі – тазы» атты 1 мақала, облыстық «Приуралье» газетінде 5 мақала жарияланды. «ТДК-42» телеарнасының «Қайырлы таң» бағдарламасында «Ит төресі – тазы» атты далалық сынаққа қатысқан тасқалалалық итбегілер арнайы сұқбат берді.  «ТДК-42» телеарнасына 5 түсірілім, «Ақжайық» телеарнасына 3 түсірілім,  «ТДК 42» телеарнасы арқылы Тасқала ауданының өткені мен бүгіні, шежіресі туралы «Жайнай бер, Тасқала!» атты бейнефильм түсіріліп, тұрғындар назарына ұсынылды. «Ақжайық» арнасының «Өскен өңір» бағдарламасына Тасқала ауданының  Атамекен ауылы түсірілді. 2018  жылы Тасқала ауданының 85 жылдығына орай ауданның энциклопедиясын жасақтау қолға алынған болатын. Энциклопедия жұмысын  Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының басшысы М.Сыдықов және ауданның жұмыс тобы қолға алып, 2017 жылы аудан энциклопедиясын жасақтау жұмыстарын жүргізді, бүгінгі таңда мәлеметтер реттеліп баспаға дайындық үстінде. Энциклопедия 2018 жылы жарыққа шығады.
1.6. «100 жаңа есім» арнайы жобасы бойынша:
«100 жаңа есім» арнайы жобасы аясында 2018 жылдың  26 қаңтарында ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ақсерік Сарыұлымен кездесу өткізіліп, жоба жеңімпазы ауданымызда өткен роботтық техникалар бойынша облыстық семинарға қатысты. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында  мектеп оқушылары, медицина саласының мамандарының Зеленов аудандық ауруханасының учаскелік медбикесі Елена Шушлебинамен кездесуі өткізілді.

ІІ. 2018 жылға арналған әр кіші  жоба бойынша жоспарланған жобалар бойынша ақпарат:
Тасқала ауданы бойынша 2018 жылы кіші бағдарламалары бойынша жұмыстар нақтыланып, 121 іс-шарадан тұратын аудан жоспары жасақталды.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында:

  • «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша:
  • Ауданның барлық білім беру мекемелерінде домбыра сағаты ашылып, оқушыларға ұлттық өнерімізді үйрету қолға алынды. 22 қаңтардан бастап  барлық мектептерде «Өз балаңа домбыра сыйла» акциясы ұйымдастырылып, 145 балаға 145 домбыра сыйға берілді. Акция аясында ауданның білім беру мекелерінде үзіліс кезінде қоңырау орынына қазақтың күйі орындалып, оқушыларға ұлттық өнерімізді, төл мәдениетімізді насихаттап келеді. Акция меценаттар және ата-аналар арқылы жүзеге асып, жыл ішінде жалғасын табады.
  • Облыстық «Рухани жаңғыру» музейін жыл басынан бері   ауданның 120 тұрғыны экскурсия жұмыстарын жүргізіп, алған әсерлерін аудандық газет пен әлеуметтік желіге жариялады. Экскурсия жыл бойына жалғасын табады.
  • Ауданның барлық білім беру мекемелерінде мектеп мұражайларының ішінде сабақ өткізу жұмысы қолға алынды. Сабақ мақсаты  мектеп мұражайының жұмысын оқушыларға кеңінен насихаттау, тарихи деректерді тарих, әдебиет сабақтарымен байланыстыру болып табылады. Аталмыш шара 2017 жылдың желтоқсан айынан бастау алып, бүгінгі таңда дейін 60 сабақ ұйымдастырылды.
  • «Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» арнайы жобасы: аясында Елбасының 2018 жылдың 19 ақпанында бекілген латын графикасына негізделген жаңа әліпбиімізге  қолдау көрсету, кеңінен насихаттау, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 28 ақпанында облыстық лингвист ғалымдардың және облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау  бөлімінің басшысы Гүлнәр Әлжанованың қатысуымен  семинар ұйымдастырылды.
  •  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша:
  • 19-20 қаңтар күндері Ресей Федерациясы, Саратов облысының Озинки ауданында «Ұлы дала сазы» атты әдеби-сазы альянс өткізілді. Шара барысында ұлтымыздың ұлттық құндылықтары, тарихи мұраларымызды  көрмесі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының таныстырылымы жүргізілді. Кітап көрмелері қойылып, аудан атынан естелікке қазақ әдебиетінің жауһарларының кітаптары табысталды. Қазақтың «Тұсаукесер» салты-дәстүрі сахналанып, мән-мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар,  маусым-тамыз айларында «Мәдени жайлау» жобасы аясында Ресей Федерациясы, Саратов облысы аудандарындағы қандастарымызға мәдени қызмет көрсету (концерттер, халық театрының қойылымдары, кітап көрмелері, қазақ киносының көрсетілімі, қолөнер бұйымдары апталығы) ұсынылады.
  • 23 ақпан күні ауданымызда өңірімізге белгілі ақын, журналисттеріміз аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінде қызмет атқарған Айтқали Нәріков, Энгельс Шыңғали, Ғайса-Ғали Сейтақпен шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Аталмыш шара 30-40 жыл бұрынғы басылымдардың қазіргі басылымдардан айырмашылығы, газеттің сапасы  мен тарихына үңіле отырып, ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған  бұл кездесу ауданымыздағы  тарихи жерлерінің құпиясы мен сырларын, құнды дүниелерімізді газет бетінде  арнайы айдарлар  арқылы халыққа кеңінен насихаттап,  туған өлкенің табиғаты мен тарихи орындарына қызығушылық танытқан қалың оқырманға әдеби тілде жеткізе білу болып табылады.
  • 27 ақпан – 27 наурыз аралығында «Бал өнер театр – 2018» балалар мен жасөспірімдердің театр байқауы өткізіледі. 27 ақпан күні театрдың ашылуымен салтанаты мен кестеге сәйкес театр ұжымдарының  өнері көрсетілді. Театр байқауы барлық білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыра отырып,  жас буынды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ортақ құндылықтарға және ұлттық бірлікке баулып, тәрбиелеу, қолдау көрсету мақсатында  өткізілетін байқауға қатысушы үйірмелер еркін тақырыпта , театр түрлері мен жанры бойынша өз қалауымен 15-20 минуттық қойылымдар сахналайды.  Атап айтқанда  драма, комедия, трагедия-саусақ театры, көлеңке театры, ойыншық театры,  қуыршақ театры, картиналар театры балалармен жасөспірімдерге арналады. Фестиваль ай бойына жалғасын тауып, үздіктер анықталады. Шараға 300-ге жуық оқушылар қамтылады.
  • 14 наурыз күні «Елге сәлем» мегажобасына Қазақстан ауылдық окруінің Атамекен ауылында старттың берілу шара ұйымдастырылады.  Жоба аясында: ақсақалдардың ауыл тарихы жөнінде  тарихи деректер, концерттік бағдарламалар, қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық ойындар, форумдар, «Әлеуметтік бастамалар картасы» бойынша ұсынылған жобалардың ашылуы сияқты мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады. Ауданымыздың тарихшылары мен ақсақалдары аудан тарихын зерделеп, тарихи жылдарын ауыл тұрғындарына таныстырады. 14 ақпан күні батыс өңірінде ғана тойланатын «Көрісу айтымен» тұспа-тұс келіп отырған шарада ауыл тұрғындарымен көрісіп, өткен  жылдан аман-есен шыққанын білдіріп, көктемнің келгенін, өңір мерекесін кеңінен атап өтіледі.
  • Мамыр айында «Ит – төресі тазы» жобасын аясында қазақтың таза қанды тазыларының көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге республиканың облыстарынан, облыс аудандарынан итбегілер, сарапшылар шақырылу жоспарлануда.
  • «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша:
  • Тасқала ауданының «Жомарт жүрек – 2018», «Жерлестер форумы» 2018 жылдың тамыз айына, барлық ауылдық округтерде «Туған жерге тағзым» атты форум жұмысы жыл ішінде  ұйымдастырылады.
  • 2018 жылға «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасына»  14 жоба ұсынылды,  жалпы құны – 23700,0 мың   теңге. Бүгінгі таңда меценаттармен келісімдер жүргізілді, алғашқы жоба құрылысы сәуір айында басталады.
  • Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жанынан құралған еріктілер жыл басынан бері  «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын ұйымдастырды. Акция мақсаты жалғысбасты қариялар мен тұрмыс төмен отбасыларға қолдау көрсетіп, қар ашу, ауласын тазалау сияқты  қол жұмыстарына көмек көрсетеді. Акцияға жыл басынан бері  25 тұрғын қамтылып,  жыл бойына жалғасын табады.
  • Ауданымызда «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы бастамасымен ауданның еріктілері мен ауданның зейнеткерлері арасында тоқыма кәсібін насихаттау мақсатында  қолөнер үйірмесі ашылды. Аталмыш үйірме жұмыстары жыл ішінде жалғасын тауып, тоқылған бұйымдар облыстық перинаталдық орталықтың шала туылған нәрестелері мен тұрмыс төмен отбасылардың балаларына табысталады.
  • Ақпан айында  аудандық  орталықтандырылған ауруханасында «Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының» бір топ дәрігерлері аудан тұрғындарын қабылдады. Игі бастамаға көмектескен «Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының» ұжымын басқарып отырған азамат Тасқала ауданының тумасы Бадашев Бекет Өтепұлы. Облыс орталығынан келген  жоғары біліктілік санатты дәрігерлер 70-ке жуық тұрғындарды қабылдап, кеңес беріп, ем-дом шаралары бойынша нұсқаулықтар берді.
  • «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша:
  • Қаңтар айынан бастап аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінде бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстарға  тұрғындар пікірі саны жариялануда.
  • «100 жаңа есім» жобасына енген азаматтардың өмірін, шығармашылығын, еңбек жолын  «Екпін» қоғамдық-саяси газетінде, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарына жариялау қолға алынды. Бүгінгі таңда Зеленов аудандық ауруханасының уческелік медбикесі Елена Шушлебинаның өмірі, қиын сәтте жасаған ерлігі аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінің №3 «Ісіне шебере Елена» атауымен жарияланды.

Жыл басынан бері іске асырылған жұмыстардың ақпараты бойынша:

  • Облыстық БАҚ, «Орал өңірі» газетіне жарияланған мақала саны – 4
  • Телеарналарға түсірілген шара саны – 2
  • «Екпін» қоғамдық саяси газетіне жарияланған мақала саны–35
  • Интернет ресурстарына жарияланған ақпарат саны - 22
  • Әлеуметтік желіге жарияланған ақпарат саны – 18
  • Жарияланған тұрғындар  пікірі:
  • Интернет ресурстарына – 6,    БАҚ – 11

 

Скачать: РУХАНИ ЖАНГЫРУ ЕСЕП 2017


КІРІСПЕ
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.
Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім.
І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.  
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.
Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.
Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
2. Прагматизм
Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес.
Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.
Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.
Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.
Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идео­логиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді.
Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс.
Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.
Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды.
Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.
Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.
Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.
Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.
Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау­ма­ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын­дағы оқиғаға 100 жыл толады.
Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт­ті.
Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.
Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш­кім­нің қақысы жоқ.
Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр­дымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері эко­ло­гиялық апат аймақтарына айналды.
Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.
Индустрияландыруды, әлеуметтік және өнді­рістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин­теллигенцияның қалыптасуын осыған жат­қызуға болады.
Бұл кезеңде елімізде белгілі бір  жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаң­ғы­руы еді.
Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді.
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.
Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.
Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко­номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі.
6. Сананың ашықтығы
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды.
Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей.
Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?
Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.  
Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.
«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.
Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.
Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.
ІІ.  ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.  
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.  
VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.
Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.
V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.  
Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.
Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.
1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді.
Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.
Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.  
Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.  
Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі­семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты.
Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.      
2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.  
Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.
Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады.  
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз.
Оның мәні мынада:
1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.
2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.
3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.
Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?  
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз.
Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.    
Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады.        
Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.
Бұл – мемлекеттің міндеті.  
Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек.
Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер.
Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.
Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.
Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.
Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс.
Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.
Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.
Бұл жерде де көп жұмыс бар.  
Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.  
Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.
Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.
Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.
Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.
Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.
Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.  
Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды.
Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.
Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.    
Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек.  Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:
1. Аталған «Мәдени-географиялық бел­деу­дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.
2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.
3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр­­кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар.
Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін­дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші­сінде.
Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.
Бұл жоба нені көздейді?
Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.
Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.
Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.  
Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.
Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қол­дау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.
Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.
Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек.  
Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.  
2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың­ғылықты жүзеге асырамыз.  
Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр­лық­тарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.
Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.
Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын.
Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.  
Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.
Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.  
Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.
Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.
Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы­найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи­ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал­дарының басты нысанасына айналуға тиіс.  
Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.  
1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту.
2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету­­дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып­тас­тыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.
Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.
Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.