«Тасқала  аудандық жер қатынастары бөлімі»  ММ-і  БҚО  ҚР жеке және заңды тұлғаларына  шаруа қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» негізінде өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурсқа келесі жер телімдері шығарылады:

Жер телі-мінің,
лот-тың

Ауылдық округ атауы

Барлық жер көлемі га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер телімінің пайдалану мақсаты

1

Амангелді а/о

698

10

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

2

Қосшы а/о

500

10

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

3

Шежін а/о

960

10

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

4

Шежін а/о

60

10

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

5

Достық а/о

70

10

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурстық комиссия отырысын өткізуден үш күн бұрын – 2018 жылғы 28 сәуірде  аяқталады. Қатысушылардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау БҚО Тасқала ауданы Тасқала  ауылы Абай көшесі, №23 үй мекенжайда орналасқан «Тасқала  аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ (1 қабат) 104,114 каб  жүргізіледі. Байланыс телефон: 8(711-39) 22525,21166
Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу жөніндегі  конкурстық комиссияның отырысы         2018 жылы  2 мамырда   сағат 15.00-де  БҚО  Тасқала ауданы Тасқала ауылы Абай  көшесі  №23 үй мекенжайда орналасқан Тасқала  ауданы  әкімінің орынбасарының  кабинетінде  өтеді.