12/01/2018ж   

Конкурсқа келесі жер телімдері шығарылады                                
«Батыс Қазақстан облысы Тасқала  аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына  шаруа қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа келесі жер телімдері шығарылады:

Жер телі-мінің,
лот-тың

Ауылдық округ атауы

Барлық жер көлемі га

Жалға беру мерзімі, жыл

Ауылдық  округінен арақашықтық

Жер телімінің пайдалану мақсаты

1

Ақтау

297

10

Ақтау  елді мекенінен
27,5 км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

2

Ақтау

67

10

Ақтау  елді мекенінен
3  км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

3

Ақтау

136

10

Ақтау  елді мекенінен
5 км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

4

Мерей

300

10

Мерей  елді мекенінен
11 км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

5

Мерей

300

10

Мерей  елді мекенінен
20 км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

6

Мерей

330

10

Мерей  елді мекенінен
17 км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

7

Мерей

140

10

Мерей  елді мекенінен
9 км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

8

Қазақстан

1000

10

Атамекен  елді мекенінен
67 км

Шаруа  қожалығын  жүргізу  үшін

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурстық комиссия отырысын өткізуден үш күн бұрын – 2018 жылғы 10 ақпанда  аяқталады. Қатысушылардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала  ауылы Абай көшесі, №23 үй мекенжайда орналасқан «Тасқала  аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ (1 қабат) 104,114 каб  жүргізіледі. Байланыс телефон: 8(711-39) 22525,21166
Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу жөніндегі  конкурстық комиссияның отырысы         2018 жылы 14  ақпанда   сағат 15.00-де  Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай  көшесі, №23 үй мекенжайда орналасқан Тасқала  ауданы  әкімінің орынбасарының  кабинетінде  өтеді.