Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілген «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелеріне» сәйкес конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурстың лауреаттары атақтарын тағайындауы келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
- Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;
- Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;
- Үздік ұжымдық шарт;
- Экологияға қосқан үлесі үшін.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қыркүйекке дейін.
Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан, немесе Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5 үй, 1 бөлме, www.taskala-bko.gov.kz, телефон 8(71139)22297.