Бұл әдістемелік ережелер «Еңбек жолы» республикалық конкурсының ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін реттейді және жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мен көбейту мақсатында өндірістегі үздік еңбек әулеттері мен жұмысшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс еңбек Адамының қоғамдағы беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға септігін тигізеді.
2. «Еңбек жолы» конкурсын(ары қарай- конкурс) өткізу мақсаты:
1) Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтардың мирасқорлығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына елеулі еңбек үлестерін қосқан  отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласынан тәуелсіз) барлық жұмысшылары қатыса алады.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
Ескерту: конкурсқа барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.
Еңбек әулеті- бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын(бір немесе екі жұбай балаларымен немесе немерелерімен бірге) таныстыратын, қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар бір ұйымның жұмысшы тобы. Әулет басшысы болып бәрінен бұрын еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.
Еңбек әулеті ауданның, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесіп, өз кәсібін насихаттауы керек. 
2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы»- жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.
3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.
Құжаттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қабылданады.

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі