2018 жылға ауданның ауыл шаруашылық тауарөндiрушiлеріне алынған тұқымдардың элита  және  1 будан гибридтік тұқым құнын  арзандатуға арналған  субсидиялауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды

«Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы  бөлімі» ММ (091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23 үй, каб.110) 2018 жылға ауданның ауыл шаруашылық тауарөндiрушiлеріне алынған тұқымдардың элита  және  1 будан гибридтік тұқым құнын  арзандатуға арналған  субсидиялауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Құжаттар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің №34 бұйрығына 2017 жылдың 27 қаңтардағы өзгерістерімен толықтыруларына байланысты 2014 жылдың 12 желтоқсанындағы № 4-2/664  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің  бұйрығына және «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына»  сәйкес қабылданады.
Жаздық  және майлы дақылдар бойынша өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 30 мамырға дейін  жүргізіледі.
Анықтама үшін телефон: 8(71139)-21359.