Мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру мақсатында Тасқала ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Өз ісінің үздігі» атты аудандық конкурс өткізеді

Конкурс екі негізгі кезеңмен өткізіледі:

  1. І кезең – конкурсқа қатысуға іріктеу кезеңі: аудандық конкурстық комиссиясымен өткізіледі, іріктеуден өткен мемлекеттік қызметшілер ІІ кезеңге жіберіледі.
  2. II кезең – конкурсқа қатысу (аудандық конкурстық комиссиясымен жеке әңгімелесу): аудандық конкурстық комиссиясымен конкурстың жеңімпаздары анықталады.

Конкурстың ІІ кезеңі ағымдағы жылғы 17-31 мамыр аралығында өткізіледі.
Конкурстың ІІ кезеңінде:
Өзін-өзі таныстыру – конкурсқа қатысу барысында мемлекеттік қызметші өзін, өзінің атқаратын қызметін ауызша немесе фото-видео материалдар арқылы таныстыру.
Заңнамаларды білу деңгейі, ситуациялық жағдайларда шешім қабылдау қабілеттері бойынша сұрақ-жауап - конкурсқа қатысу барысында мемлекеттік қызметшіге заңнама бойынша 1 сұрақ, ситуациялық  1 сұрақ ұсынылады.
Әкімшілік реформалар аясында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру: конкурсқа қатысу барысында мемлекеттік қызметшіге алдын-ала белгіленген бағдарламалардың біреуін өзінің таңдауы бойынша түсіндіріп беру.
Аудандық конкурсты өткізу үшін аудандық  конкурстық комиссиясы құрылады, оның құрамы аудан әкімі аппаратымен белгіленеді.
Аудандық конкурстық комиссиясы 7 адамнан және хатшыдан (хатшы дауыс құқығына ие бола алмайды) тұрады.
Аталған комиссия құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да тәуелсіз сарапшылар енгізіледі.
Аудандық конкурстық комиссиясының жұмысын ұйымдастырушылық сүйемелдеу аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушылар үшін талаптар:
Тәртіптік жазалары жоқ және мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілер.
Құжат қабылдау мерзімі:
Ресми-интернет ресурста конкурс өткізу туралы хабарлама орналастырылғаннан бастап 15 жұмыс күн (17.04.-11.05.2018)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Конкурсқа қатысу жөнінде өтініш, №1 қосымшаға сәйкес;


2) Конкурсқа қатысу жөніндегі сауалнама,  №2 қосымшаға сәйкес;
3) Қызметтік тізім;

  1. Потфолье: бір мұқабаға салынған байқауға қатысушының біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрижелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) спорттық және қоғамдық өмірге белсенді араласу туралы қосымша ақпараттар және әріптесінің пікірі;

Мемлекеттік органмен жүктелген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру барысында өз қызметі саласындағы мәселені шешудегі өзінің жеке үлесі және іске асырылған жобалардың (бар болған жағдайда) тізбесі.
Құжаттар аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне ұсынылады.
Құжат қабылдау мерзімі аяқталған соң аудан әкімі аппаратымен  ұсынылған құжаттардың толтырылу сапасына, мәліметтердің дұрыстығына, байқау өткізу ережесіне сәйкестігіне тексеріс жүргізіледі.
Конкурсқа мына жағдайда жіберілмейді:

  1. Тәртіптік жазалары бар және мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болған жағдайда;
  2. Талап етілген құжаттарды толық ұсынбаған немесе құжат қабылдау мерзімі аяқталған жағдайда.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінен алуға болады.
Телефоны: 8 (7-11-39-21-4-95; 21-0-39)

Тасқала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі