Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" 5 қазан 2018 ж.


Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" 2018 жылғы 10 қаңтар


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар


Жолдау талқыланды

Бүгін Тасқала ауданы əкімшілігінің үлкен мəжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Н­азарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі Тасқала ауданы активі жиналысы өтті.
Жинал­ысқа ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу Комитеті төрағасының орынбасары Р.Ахметов, ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу Комитетінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Оспанов және аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиев қатысты.
Жиын барысында Рүстем Нұрланұлы, Жолдаудың негізгі бағыттары мен реформалары туралы кеңінен тоқталып түсіндірді. Сонымен қатар жарыссөзге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Жұбанышев пен әділет саласының ардагері Қ.Тасқалиева қатысты. Өз сөздерінде Арон Қажығалиұлы мен Қарлығаш Дауытқызы ауданымыздың бірқатар мәселелерін ортаға салды. Ал Р.Ахметов өз ретінде аталған мәселелерді қаперіне алып жұмыстанатынын айтты.
Жиын соңында Жолдауды­ халыққа түсіндіру жә­не іске асыру жөнінде­гі шаралар туралы ауд­ан активі бірқатар ұс­ыныстарды қабылдады.