Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлуеметтік бағдарламалар бөлімінің 2017  жылғы 29 желтоқсанына  атқарылған жұмыс бойынша
АҚПАРАТ
Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы» (бұдан әрі жаңа Бағдарлама), «Агробизнес 2020»,  «Бизнестің жол картасы 2020» , «Нұрлы Жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары  арқылы жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімге жұмысқа орналасу мәселесімен  1340 адам жолықты.  Мұның  392 -  жастар  болса,  515 - жұмыс іздеушілер, 156 - аз қамтылғандар, 757– жұмыссыздар, 74 - өзін – өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар.
Жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде  999 адамды  жұмыспен қамтудың  белсенді  шараларына тарту  жоспарланса,  есепті мерзімге 1445 адам жұмыспен қамтудың  белсенді шараларына тартылып 145 %-ды  құрап отыр.

  • Жұмысқа орналастыруға 454 адамды жолдау жоспарланса 12  ай ішінде 920 адам жолданды, соның ішінде 450 тұрақты, жоспар 203%-ға орындалды.
  • Жастар практикасына 47  жас  маманды жолдау жоспарланса, 65 жас маман жолданып, жоспар 138  %-ға орындалды.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына  85 адамды жолдау жоспарланса 101 адам жолданып бағдарлама  120 % -ға орындалды.
  • 480 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге бұл көрсеткіш бойынша  643  жұмыс орны  ашылып, жоспар  140  %-ға орындалды.  
  • Ақылы қоғамдық жұмыстарға 405 адамды жолдау жоспарланса, есепті мерзімге  405  адам  жолданып, жоспар 100 %-ға  орындалып отыр.
  • Кәсіптік оқуға жаңа  Бағдарлама аясында 120 адамды оқыту жоспарланса

есепті мерзімге  129 адам  жолданып ,  жоспар  107 %-ға орындалды. 

  • «Нәтижелі жұмыспен  қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021  жылдарға  арналған  бағдарламасының» (әрі қарай Бағдарлама) I-бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық  және кәсіптік  біліммен  және қысқа мерзімді  кәсіптік  оқумен қамтамасыз ету» бойынша 120  адам  жолдау  жоспарланса, 10 ай қорытындысы бойынша  қаржыландыру  жоспары   18919,0 мың  теңге болса,  оның  игерілуі   100 %-ға орындалды. Қысқа мерзімді  кәсіптік  оқуға  129 адам  «Аспаз», «Газэлектрдәнекерлеу» мамандықтарына аудандық «Тасқала колледжіне», «Тігінші», «1С бухгалтерия», «Шаштараз»,«Іс жүргізуші», «Классикалық массаж», «Дербес компьютер операторы», «Маникюр шебері», «Электрик», «Автоэлектрик», «Жылыту қазандығының операторы», «В»категориялы жүргізуші, мамандықтарына  Орал  қаласындағы оқу орындарына   жолданып жоспар 107 %-ға орындалды. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік оқуға  аудандық «Тасқала колледжіне»  «автомобиль жөндеу слесарі»  мамандығы  бойынша  20  адам  жолданды.  Жалпы бағдарламаның 1 бағыты аясында 149  адам кәсіптік  оқумен  қамтылды.  Оқуларын аяқтаған  70  адамның  47 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғасын тауып отырады.

Бағдарламаның ІІ-бағыты  «Жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту»   шеңберінде  аудан бойынша  өз кәсібін  ашу, дамыту үшін  несие алуға ниет білдіруші  азаматтардың тізімі жасақталып, басымдық білдіріп отырған мал шаруашылығын дамыту оның ішінде сүтті, етті тұқымдастарына, жылқы шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту,  наубайхана ашу, жарнама желісін кеңейту, т.б. бағыттары  бойынша  несиелендіру  мақсатында  26 ниет білдірушіге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на, 7 ниет білдірушіге  «Тасқала» несие серіктестігіне жолдама берілді.
Есепті мерзімге   «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолдама алғандардың ішінде  10 адам (асенизаторлық қызмет көрсету, мал шаруашылығын дамыту) 54,5 млн.теңгеге қол жеткізді. Сонымен қатар, «Тасқала» несие серіктестігіне жолдама берілгендерге мал шаруашылығын дамыту, соның ішінде мал бордақылау, мал  сою  орнына  қосымша  құрал  жабдықтар  алу үшін 7 адам 22,6 млн.теңгеге қол жеткізді. Несие алғандардың  7-уі жаңа жұмыс орындарын ашып,  жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтыды.
Бағдарламаның  IІI-бағыты  «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығыарқылы еңбек нарығын дамыту»
- Әлеуметтік   жұмыс  орындарын  85  адамға ұйымдастыру үшін барлығы 7824,0 мың теңге, с.і.;
- республикалық бюджеттен 25 адамға 4223,0 мың теңге,
- аудандық  бюджеттен 60 адамға 3601,0 мың теңге қаражат бөлінді,
12 ай қорытындысы бойынша  қаржыландыру  жоспары  7 436,0 мың  теңгені құраса, толықтай   игеріліп  100 %-ға орындалды,  аудан  аумағандағы 47 жұмыс  берушімен  келісім  шарт жасалып  101  адам (16-жастар,16-азқамтылған,) жолданып орындалуы 119 % ;
- жастар тәжірибесін 47 жас маманға ұйымдастыру үшін  18386,0 мың теңге бөлініп, с.і;
- республикалық бюджеттен 11572,0  мың теңге 34 жас маманға
- аудандық бюджеттен 13 жас маманға 6814,0 мың теңге қаражат бөлінді, 
12 ай қорытындысы бойынша   қаржыландыру  жоспары  18386,0 мың  теңге, толығымен  игеріліп 99.9 %-ға орындалды,  53 жұмыс  берушілермен келісім шарт  жасалып    63  жас  маман  алғашқы  тәжірибе  жинау  үшін  6 ай  мерзімге  жолданып орындалуы 132 %.
ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру үшін аудандық  бюджет  есебінен 405 адамға  21650,0 мың теңге қаражат бөлінді, 11 ай қорытындысы бойынша  қаржыландыру  жоспары  18490,0  мың  теңге болса,  ол  толығымен  игеріліп   100 %-ға орындалды. Ақылы  қоғамдық  жұмысқа  405  адам  жоспарланса, есепті мерзімге 405  адам жолданып орындалуы 90 %.
Ағымдағы  жылдың  қаңтар  айында  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасының ІІ бағыты  аясында құс шаруашылығын дамыту үшін  шағын несие алған  Б.Амиров  туралы  жергілікті «Екпін» газетіне  мақала  жарияланса, ақпан  айында  Б.Амиров өзінің кәсібінің даму қарқыны туралы  облыстық «Қазақстан - Орал», «ТДК42», наурыз  айында  «Хабар» телеарналарына  сұхбат берілді.
Сонымен қатар, Бағдарламаны толықтай түсіндіру мақсатында жергілікті «Екпін» газетінде  11  мақала жарияланды:
2017 жылдың 31 наурызында №13 санында «Жұмыспен қамтуда жаңа бағдарлама»;
21 сәуірдегі  № 16 санында жұмыс берушілердің міндеттерін  түсіндіру мақсатында «Жұмыс берушілердің назарына»;
16 маусымдағы  №24 санында «Елбасы жолдауы іске асырылуда»;
21 шілдесіндегі  №29 санында «Халықты жұмыспен қамту – басты бағыт»;
28 шілдесіндегі № 30 санында «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;
08  қыркүйектегі № 36 санында Молодежная практика – одна из мер господдержки в рамках программы «Программа  развития продуктивной занятости и массового  преднимательства на 2017-2021 годы»;
20  қазандағы № 42  санында «Стандартқа сай қызмет көрсетіледі»;
27  қазандағы № 43  санында «Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек»;
03 қарашадағы №44 санында «145 тұрғын білім алды»;
10 қарашадағы №45 санында «Бағдарламаның  барысы жаман емес»;
17 қарашадағы №46 санында «О модернизации системы  оказания  социальной помощи»;

 

 

 

 


Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылы атқарған жұмыстарының есебі

 

МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖЕЛІСІ

Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінде халыққа мәдени қызмет көрсететін 3 мекеме бар. Олар «Тасқала аудандық  мәдени-демалыс орталығы»  мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны, «Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі, «Тасқала аудандық мәдени ойын-сауық және спорт клубы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны.
Ауданда 10 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб, 1 автоклуб, 26 кітапхана, 1 кинотеатр, 7 кино қондырғы 3 саябақ бар. 2016 жылдың 31 тамызындағы №242 аудан әкімдігінің қаулысымен Ермольчев және Талдыбұлақ ауылдық кітапханалары жабылып, Мереке ауылдық балалар кітапханасы және Амангелді ауылдық балалар кітапханасы болып қайта ашылса, Жігер ауылдық кітапханасы жабылып, Ынтымақ ауылынан ауылдық кітапхана ашылды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2016 жылдың 18 ақпандағы №6М бұйрығымен аудан орталығындағы 3 саябақ  «Тасқала аудандық мәдени ойын-сауық және спорт клубы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнына берілді. Аудандық мәдениет үйінде 9 халықтық, 1 үлгілі ұжым бар. Оның төртеуі 2016 жылы халықтық атағын иеленді.


ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫ

Ауданның мәдениет саласының 2016 жылғы бюджеті 287 млн 871 мың теңгені құрады. Соның ішінде аппарат 11 млн  799 мың, мәдени-демалыс орталығы 163 млн 936 мың, кітапхана 83 млн 723 мың, кинотеатр 28 млн 413 мың теңге. Қаржы түгелімен игерілді. 2016 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржы 2015 жылмен салыстырғанда 95 млн 244 мың теңгеге  артты.
2016 жылы 2 млн теңгеге бөлімге Лада гранта автокөлігі, аудандық мәдени-демалыс орталығына  3 млн 317 мың теңге сахналық костюмдер мен музыкалық аспаптар және байланыс рациясы, принтерлер сатып алынса, 3 млн 500 мыңға сахна шамдары, 600 мың теңгеге сахналық штангеттердің арқандары ауыстырылды. Сонымен қатар 1 млн теңгеге ауылдық мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2016  жылғы бюджеті  83723,0 мың теңгені құрайды.  Жыл бойы барлық қаржы  көзі  игерілді.  Барлық кітапханаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, оған- 869,4 мың теңге қарастырылды. 16 тонна көмірге тапсырылыс беріліп, 288,0 мың теңгеге алынды. 2016 жылы 551,3 мың теңгеге 2 жаңа компьютер алынды.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының теңгерімінде 10 ғимарат бар. Оның 5 типтік үлгідегі, 5 лайықталған ғимарат. Ғимараттардың барлығы
жылумен, жарықпен, телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Ауданның мәдениет үйлері 22 комьпютермен және 12 ноутбукпен қамтамасыз етілген. 5 нүктеге интернет желісі орнатылған. Ғимараттардың 2 күрделі жөндеуді қажет етеді.
Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 26 кітапхана болса, соның 10 өз ғимаратында, 16 өзге мекемелердің ғимаратында орналасқан. Барлық кітапханалар жылу мен жарықпен қамтамасыз етілген. Жүйенің 22 кітапханасы газбен, 4 көмірмен жылытылады. Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, беделін көтеру мақсатында кітапханалардағы барлық компьютер саны 31 құрайды. Кітапхана жүйесінде 26 принтер, 5 сканер, 7 интернет желісі, 1 фото аппарат, 2 мультимедиялық проектор бар. Есептік кезеңде кітапхана желісі 80 пайыз компьютермен, 71 пайыз телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 26 кітапхананың 19 телефон байланысы орнатылған. 2 факс бар.  Кітапхана жүйесінде 111 кітап сөресі, 19 көрме сөресі,  100 үстел, 248 орындық, 18 шкаф, 8 кортатекалық шкаф , 5 катологтық шкаф  бар.  Аудандағы кітапханалардың жалпы аумағы 1270 шаршы метр болса, оқу залындағы орын саны 180-ді құрайды. 1  КАБИС бағдарламасы жұмыс жасайды. Барлық кітапханалар ағымдағы жөндеуден өткізілді. Кітапхана теңгерміндегі ғимараттардың көпшілігі күрделі және ағымдағы жөндеулерді қажет етеді.
Аудандық кинотеатр ғимараты лайықталған. Газбен жылытылады. Телефонмен, интернетпен қамтамасыз етілген.
Есепті кезеңде жергілікті бюджеттен бөлінген 8 млн 124 мың теңгеге аудандық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өтсе, ҚР Үкіметінің арнайы резевінен бөлінген 13 млн 734 мың және облыстық бюджеттен берілген 1 млн 19 мың теңгеге 3 үш ауылдық мәдениет үйі және Тұңғыш Президент атындағы  саябақ ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Бөлімде 6 авто көлік бар. Олар 1 Лада Гранта, 1 Шевроле Нива, 1 волга, 2 газель, 1 Газ-53 автокөлігі.      

СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

Есепті кезеңде аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 670 мәдени шара өткізіліп, оған 64 000 көрермен қамтылды. 1803,1 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.
Тасқала аудандық ОКЖ –сі бойынша 2016 жылы    оқырмандар саны 11785 құраса, келім санын 119306. Оқырмандарға 210021 дана кітап берді.
2016 жылы  кітап қорының айналымы  276639  дана  болса, оның қазақ тіліндегі саны 150564 дана. Жаңа түскен әдебиеттердің  саны 3812  дана, соның ішінде 3066 қазақ тіліндегі әдебиеттер. Жаңа әдебиеттердің құны 7,124505 м.т.  Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 484 көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 7360 оқырман қамтылды.
Аудандық кинотеатр жыл бойы 1110 киносеанс қойып, 12168 көрермен қамтып,  450,9 мың теңге ақылы қызмет көрсетті.

 

КАДР

Аппаратта 4 мемлекеттік қызметкер, 5 кіші қызметкер бар. Аудандық мәдени-демалыс орталығында барлығы 69 мәдениет қызметкері жұмыс жасайды. Оның  ішінде   арнайы жұмысына сәйкес 39  жоғары білімді,  19 арнаулы орта білімді, 11 орта білімді.  3 қызметкер жоғарғы оқу орындарында сырттай білім алуда.
Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2016 жылы бекітілген штаттық кестеге сәйкес 75 адам қызмет атқарып келді. Оның 39 кітапханашы мамандар. Шығармашылық қызметкердің 20 жоғары білімді болса оның 13 кітапханашы, 19 арнаулы орта білімді болса оның 16 кітапханашы мамандар. Жыл бойын кітапханашы мамандар өз біліктілігін жетілдіріп, шығармашылық ізденісте еңбектеніп келді. Биылғы жылы 2 жас маман кадрлар қатарын толықтырды.

МӘДЕНИ ШАРАЛАР

Есепті кезеңде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына жолдауын  насихаттау мақсатында барлық кітапханалармен мәдениет үйлерінде стендтермен бұрыштар жасақталды.
Есепті кезеңде   «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  28  шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдени-демалыс орталығындағы «Тәуелсіздік залы» көне жәдігерлермен толықты. Атамекен ауылының тұрғыны, Мағрипа Кондудаева Қазақстан өзінің қолөнер бұйымдары мен осыдан бірнеше ғасыр бұрын Меккеден әкелінген қасиетті Құран кітабын табыс етті.
Ағымдағы жылы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  атап өту мақсатында 290 шара ұйымдастырылды.  5  ақпан күні  аудан орталығында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілетін барлық шараларға старт берілді.
Мемлекеттік мерекелермен қатар  шаралармен қатар көлемді мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.  Қазақстан Республикасының  25 жылдығына орай аудан көлемінде «Тәуелсіздік таң нұры»  атты мекемелер мен ұжымдар арасындағы аудандық байқау,  «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы, «Өнерлі отбасы» өнерлі жанұялар байқауы,  «Тәуелсіздікке тағзым» аудандық ардагерлер байқауы, «Сырлары жарасқан» аудандық байқауы,  «Гүлдене бер, туған ел» атты гүлдер фестивалі  ұйымдастырылды.
Есепті кезеңде балалар шығармашылығын дамытуға арналған бірнеше шара ұйымдастырылды. Жастардың мәдени-демалысын ұйымдастыру мақсатында өткізілген шаралардың қатарында аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы  ерекше.
2016 жылдың қыркүйек айының  24 күні  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  аудан күні және ауылшаруашылығы күніне  арналған мерекелік шара жоғары деңгейде өткізілді.
Аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері есімдері аңызға айналған тұлғаларды ұлықтау мақсатында жыл ішінде бірнеше шара өткізді. Атап айтқанда Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай, Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына, Абай, Дина мен Құрманғазы тағы да басқа қазақтың біртуар ұл-қыздарының есімін ұлықтауға арналған шаралардың орны бөлек.
Аудандық кітапхана «Бір ел – бір кітап» ақциясы аясында ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Дулат Бабатайұлының шығармалаы кең көлемде насихатталды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты мәнерлеп оқу байқауы оздырылды. ІІ-Шежін ауылдық кітапханасының оқырманы Бауыржан Меңдешов Ақтөбе облысындағы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында өткен «Ақтөбе жыр құшағында» атты аймақтық балалар поэзиясы байқауына  қатысып, жүлделі І-орынды жеңіп алды.
Абай алаңында аудандық «Абай және Пушкин оқулары» байқауы өткізілді. «Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Барлық кітапханаларда «Мәңгілік Ел-Жұбан жырында» атты «Жұбан оқулары» өткізілді. «Оқыды да, биіктен көрін!» библио – жобасы бойынша Тасқала ауданына  майдангер жазушы  Ә. Нұршайықовтың шығармалары таңдап алынған болатын. Жазушының шығармаларын насихаттау бағытында барлық кітапханаларда әртүрлі  іс-шаралар атқарылды.
Тасқала ауданы- қазақ елінің батыс қақпасы. Ресей Федерациясының Озинки ауданымен шектеседі. Осы орайда екі аудан арасында ежелден келе жатқан мәдени- шығармашылық байланыс бар. Ағымдағы жылы аудан өнерпаздары көршілес аудандарда өткен бірнеше мәдени шараларға атсалысты.
Аудандық мәдени-демалыс орталығы аудандық «Екпін» газеті  және Қазақстан- Орал телеарнасымен, қазақ радиосының облыстық филиалымен тығыз байланыста. «Екпін» газетіне ауданның мәдени-рухани жаңалықтары мен хабарландырулар,  жетістіктер туралы мақалалар жарияланып тұрады.  келеді. Тасқала ауданы әкімдігінің ресми сайтына 30 материал, «Тасқала ауданының әкімдігі» фейсбук парақшасына 20 материал,   «Taskala Ekpin»  фейсбук парақшасына 30 материал жариаланса, , «Madeniet Taskala» фейсбук парақшасына аудандағы өткізілген барлық мәдени шаралар жарияланды.
Қазақстан-Орал телеарнасының  «Күншуақ» бағдрламасына «Надежда» халықтық вокалдық тобы,  «Жасдәурен» халықтық фольклорлық ансамблі, «Шежіре» халықтық этнофольклорлық ансамблі,  «Жібек жолы»  халықтық би ансамблі, «Замансөз бағдарламасына Д.Беккалиевтің шәкірттері А.Кабдильманов пен Л.Хайратова  түсірілді. 
Ауданның мәдени өмірінде ерекше орын алған 7-9 желтоқсан күндері Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл, Тасқала аудандық халық театрына 10 жыл толуына орай  «Азаттықтың ақ таңы» халық театрларының аймақтық фестивалі ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда, Атырау облысының халықтеатрлары және облысымыздың 7 халықтеатры барлығы 150 ге жуық өнерпаз қатысты.
Бүгінгі таңда  жас өнерпаздар мен майталман мамандар  ауданымыздың мәдениет саласының өркендеуіне зор үлес қосуда. Ел егемендігінің 25 жылында    тасқалалық өнерпаздардың  бағындырған белесі де аз емес. Биыл халықтық ұжымдардың қатары толығып, онға жетті.
Мәдениет қызметкерлері күніне орай өткен  «Жүрек сыры-өнерім» облыстық байқауда сала қызметкерлері   І орынды иеленсе, «День музыканта» облыстық вокалды- аспапты ансамбльдер байқауында «Тасқала» халықтық вокалды-аспапты ансамблі  «Үздік вокалдық топ номинациясының» иегері атанды. Әлихан Қабдилманов «Бала дауысы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, Алматы қаласында өткен байқауда лауреат атағын алды.
Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Қазақстандық жазғы өнер және би ойындары» байқауы өтті. «Жібек жолы» халықтық би ансамблі өзгелерден озық шықты. Кавказ халықтары ырғағындағы билерден ер балалар тобы мен қазақ биін орындаған  қыздар құрамасы бірінші орынға лайық деп танылды.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Орал қаласында өткен  «Тәуелсіздікке тағзым»  ардагерлер байқауында  ауданымыздан «Көркемсөз» номинациясы бойынша қатысқан  Роза Бейсханова  І орынға,  дәстүрлі ән орындауда Қайреден Жұмашев ІІ орынға ие болды.
Тасқала аудандық халық театры желтоқсан айының 7-9 күндері  аудан әкімінің қолдауымен Ел Тәуелсіздігінің 25, халық театрының 10 жылдығына арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты аймақтық халық театрлары фестивалінің «Тарлан театр» номинациясын жеңіп алды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 14 желтоқсан күні Ынтымақ ауылында ауылдық клуб, 2 балалар кітапханасы ашылса, 3 ауылдық мәдениет үйімен 1 саябақ ағымдағы жөндеу жұмыстарынан соң пайдалануға берілді. Сонымен қатар есепті кезеңде ауданда 1 моделді кітапхана ашылды.
15 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт оздырылып, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Ж.Бисенғалиева және Мерей мәдениет үйінің директоры С.Акишева Тәуелсіздіктің 25 жылдығы төсбелгісімен марапатталды.
Аудандағы  дамылсыз өтіп жатқан мәдени-көпшілік шараларға шығармашылық адамдардың қосатын үлесі зор. Қандай додада бақ сынаса да өз шеберлігін дәлелдеп жүрген тасқалалық өнер ұжымдарының  ауданымызға тарту етер жетістігі  мен жеңісі алда екені сөзсіз.