Аудандық білім бөлімінің инфрақұрылымында19 (2014-2015 оқу жылында-21) жалпы білім беретін (12 орта, 3 негізгі, 4 бастауыш),  соның ішінде 16 қазақ, 1 орыс және 2 аралас мектеп бар. Сонымен қатар, 1 кәсіптік мектеп, 4 мектепке дейінгі балалар ұйымдары, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті және 3 мектептен тыс білім ұйымдары жұмыс жасайды. 2015-2016 оқу жылында білім беру жүйесінің кестесінде 2 бастауыш мектеп жабылды.       

Аудан мектептерінде барлығы 2420 оқушы оқиды, бұл 2014/2015 оқу жылымен   салыстырғанда 4 балаға азайды. Қазақ сыныбында 2148 оқушы оқыса, орыс сыныбында -  272.  

2015-2016 оқу жылы  Тасқала аудандық білім беру бөлімі бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен барлығы 822 бала (2014-2015 оқу жылында - 757) Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 65 балаға артқаны байқалады. Биылғы оқу жылында  4 балабақша   (352 бала), 5 мектеп-балабақша кешені (155 бала),  16  шағын орталық топтары  (315 бала) ,  11 мектепалды даярлық топтары (272 бала) жинақталған. Сонымен мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99,6% (2014 о.ж. - 99,1).

Мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 77 педагог қызмет атқарады. Олардың жоғары білімдісі - 26, жоғары мектепке дейінгі білімі бар -20, арнаулы білімі бар-  49,   арнаулы мектепке дейінгі білімі бар -37 педагог.

Өткен жылымен салыстырғанда 1-сыныпқа келген оқушылар саны - 251 (2014ж.-325). Сыныптар саны-213 (2014ж.-218). 2014/2015 оқу жылында сынып-комплектілер саны 201 болса, ал 2015/2016 оқу жылында  206 болды.

Ауданда жаратылыстану-математикалық бағытындағы жаңа типтік «Сәулет» мектеп- лицейінде 278 оқушы білім алуда (2014ж.- 250). 6 орта мектептің  33 сыныптарында пәндерді тереңдетіп оқытумен  475 (2014ж. -231) оқушы қамтылды.

Ауданымыздың бір ерекшелігі - шағын комплектілі мектептердің көптігі. Олардың саны-16.

Аудан мектептерінде 401 педагог жұмыс істейді. Солардың ішінде 338- жоғары білімді,  63 - арнаулы орта білімді. Жоғары санатты мұғалімдер - 67, бірінші санатты - 154, екінші санатты - 93, санаты жоқ мұғалімдер саны -87. Жыл сайын педагогикалық кадрлардың кәсіптік деңгейлерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында педагогтарды аттестаттаудан өткізіледі. 2014-2015 оқу жылында 29 мұғалім жоғары санатқа өтті.

2014-2015 оқу жылы басында 2421 оқушы болса, оқу жылы аяғында 2424 оқушы оқу жылын аяқтады. Соның 629 оқушы «үздік» бағамен аяқтады. Білім сапасы 64% (2014-2015 о.ж.- 61,9%).

Ерекше үлгідегі куәлікке 24 оқушы иеленді (соның 23 қазақ, 1 орыс сыныптарынан). 11-сыныпты 127 оқушы аяқтап,  соның  6  «Алтын белгі» және 4  «Үздік аттестат» иегерлері болды. ҰБТ қорытындысы бойынша  28 түлек  мемлекеттік грант иегері атанды.

Балаларды  оқуға түгел тарту үшін ауданда жағдай жасалуда. Даму мүмкіндігі шектеулі 125 бала (2014 жылы-129) облыстық ПДПКМ-ның (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық комиссия мекемесі) бағыттауымен аудандық психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетіарқылы (ППТК)түзету көмегін алуда. Ы.Алтынсарин атындағы және Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерінін түзете-дамыту сыныбында 13 оқушы бар.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында аса маңызды міндеттердің бірі - мектепте инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру екендігі атап көрсетілген. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың теңбе-тең білім алуын  жүзеге асыру мақсатында ауданда 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және 2 мектептің жанында  түзете-дамыту сыныптары, 1 логопедиялық пункт жұмыс жасайды.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды ұлғайтуда. Тасқала ауданы  бойынша мектепке дейінгі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі  балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. 2020 жылға қарай балабақшалардың жалпы санынан 50 % кедергісіз жағдайлармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оқытудың қазіргі заманғы көмекші техникалық құралдарымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдармен, оның ішінде оқыту режимін ұйымдастыру үшін қамтамасыз ету, жаңа технологияға жұмыс орнын жасақталуда. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар 11 (2014-2015 оқу жылында-13 бала) оқушыға үйден оқуға жағдай жасалған. Сабақ кестесі ата-анасымен келісілген түрде өткізіледі. Оқушыға бағдарламалық-техникалық құрал алынып, үйіне орналастырылды. Сабаққа қажетті материалдар салынған.  Оқулықтары түгелдей бар.

Шалғай елді мекендердің балаларын оқумен қамту мақсатында ауданның  5 мектебінің  жанында («Сәулет» мектеп-лицейі, Ы.Алтынсарин атындағы ОМ, Шипов ОМ, Оян ОМ және Крутой НМ) интернаттар бар.

3 мектептің 76 оқушысына 2 УАЗ, 1 ГАЗель автокөліктермен күнделікті тасымалдау ұйымдастырылады: Амангелді ОМБ (11оқушы), Мереке ОМБ (7 оқушы), «Сәулет» МЛ (58 оқушы).

Барлық  аудан мектептерінде информатика кабинеті болса, орта мектептер физика, биология, химия кабинеттерімен және интерактивтік тақталармен қамтылған. Мектептердің компьютерлік базалары жаңартылуда. 9 мектепте мультимедиялық кабинет болса, барлық мектептерде 27 интерактивтік  кабинеттер бар.

Мектептерге қажет ететін 170 тонна көмір мектептерге жеткізілді. Барлық мектептер отын сақтайтын жабық қоймалармен қамтылған.

Ауданның 19 жалпы білім беретін мектептерінің 12 типтік жобадағы  ғимаратта орналасқан. 12 орта және 1 негізгі мектептері спортзалмен қамтылған. 12 жалпы білім беретін орта және 1 (Кузнецов) негізгі мектептерінде лицензияланған  медициналық  кабинеттер бар. Қ.Сәтбаев атындағы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ  тіс емдеу кабинеті бар, бірақ та бұл кабинеттердің жабдықтарын жаңарту және толықтыру қажет.

Аудан мектептері 100 % оқулықтармен толық қамтылды. Сатып алуға бөлінген қаржы көлемі 17,426,0 теңгеБарлық орта және негізгі мектептерде кітапханалар бар. Аудан мектептерінде  121693 кітапханалардың кітап қоры бар. ( Биылғы келген оқулықтар саны- 20861).

Жаңа оқу жылында  аудан мектептері жанындағы кітапханалар  жаңа буын оқулықтарымен толығымен қамтылды.

Аудан мектептері телефондармен, компьютерлермен қамтылған және Интернет жүйесіне қосылған.  Барлығы 694 компьютер бар. Бірақ 281 компьютер ауыстыруды қажет етеді. 1 компьютерге 3 оқушыдан келеді. Барлық орта мектептер қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша спутниктік антенналармен, 36  интерактивтік тақтамен қамтылған.

 

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бөлінген квоталар және оларды білім беру ұйымдарының бөлінісінде бөлу туралы ақпарат
Аудан (қала), білім беру ұйымдарының толық атауы квоталар соның ішінде
аудан (қала) сыртындағы лагерьлер
соның ішінде
мектепжанындағы лагерьлер
  Тасқала ауданы
1 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Совхоз  мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  29 2 27
2 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің"Жалпы орта білім беретін Семиглавый Мар мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
13 4 9
3 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Ақтау мектеп – балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
34 4 30
4 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің"Жалпы орта білім беретін Амангелді мектеп -балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  27 2 25
5 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің"Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  96 25 71
6 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің Жалпы білім беретін Оян орта мектебі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі 
18 4 14
7 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Сәулет" мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  22 5 17
8 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы  жалпы орта білім
беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
22 5 17
9 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  18 4 14
10 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  45 15 30
11 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Мереке  мектеп-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
25 4 21
12 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Жалпы білім беретін Кузнецов негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
3 1 2
13 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Шежін мектеп-балабақшасы" 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
23 15 8
14 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Жалпы білім беретін Родник негізгі мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі  8 3 5
15 Тасқала ауданының білім беру бөлімінің "Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі  8 2 6
  Барлығы: 391 95 296


Жүктеу: «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бөлінген квоталар және оларды білім беру ұйымдарының бөлінісінде бөлу туралы ақпарат (xlsx)