Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Осы Заңға сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматы жүзеге асырылады.
Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы және көп балалы отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктіріліп, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек болып төленеді.
Бұл дегеніміз, бүгінгі таңдағыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесуді білдіреді, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады.
Егер отбасындағы адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болса, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар тарапынан мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
 Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларды немесе азаматтарды кедейліктен шығаруға бағытталған кешенді қолдау тәсілдерінен тұрады.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.  
Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.
Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы.
Осы мақсатта, әлеуметтік қызметтер мен қызмет алушылар арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Әлеуметтік келісімшарт 6 айға қол қойылады және оны тағы 6 айға дейін создыру мүмкіндігі беріледі.
Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады: әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері – отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.
Аз қамтылған отбасының 18 жасқа толған еңбекке қабілетті мүшелері өздеріне әлеуметтік келісімшартта жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда жәрдемақы мөлшерін қысқарту тетігі қарастырылған: бірінші рет – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің атаулы әлеуметтік көмегі 50%-ға, ал қайталанған жағдайда 100 %-ға қысқартылады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек кәмелет жасқа толмаған балаларға және бала күтімімен отырған аналарға толық мөлшерде сақталады.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ең алдымен аз қамтылғандарды қолдауға бағытталған. Ал кейбір азаматтар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығудың жолын табудағы ынталандыру болып табылады.


«ҚР Халықты әлеуметтік қорғау Заңының кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы №369 ҚР Заңына түсінік беру

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша нақты 100 қадам – Ұлт жоспарында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейту жолымен оңтайландырудың жаңа бағыты іске асырылуда.
Нәтижесінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» №369 Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Жаңа Заң  мен қолданыстағы заңның өзгешілігі мынандай:
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін кедейшілік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40%-дан 50%-ға дейін көтерілді.
Жаңа Заң әлеуметтік саладағы екі маңызды өзгерісті көздейді.
Бірінші — азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдерге қолжетімділікті арттыруды қарастыратын трансформация шаралары болса, екіншіден, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту көзделеді.
Аталған Заң аясында қазіргі таңдағы қолданыстағы әлеуметтік жәрдемақылар яғни:
– көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақысын;
– аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын;
– аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек түрлері жойылып, орнына бір жәрдемақы ретінде жаңа атаулы әлеуметтік көмек қабылданды.
Жаңа атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмеке.

  1. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі.
  2. Шартты ақшалай көмек (ШАК) құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Аудандық (қалалық) комиссиялар жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделу мәселелер бойынша жұмысын үйлестіруші ролін атқарады. Үміткер адамдардың құжаттарын Жұмыспен қамту орталықтары комиссия мүшелеріне қарау үшін дайындайды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жауапкершілігі:
Егерде әлеуметтік келісімшарт талаптары орындалмаған немесе бас тартқан жағдайда еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне жаза қолданылады, яғни бірінші жағдайда ақшалай көмек мөлшері 50% қысқартылады немесе (қайталанса) тоқтатылатын болады. Дегенмен, балаларға қатысты әлеуметтік төлем сақталатын болады.


Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлуеметтік бағдарламалар бөлімінің 2017  жылғы 3  айында атқарылған жұмыстарының есебі.

Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы»,  «Бизнестің жол картасы 2020» , «Нұрлы Жол»,«Өңірдідамыту» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімге жұмысқа орналасу мәселесімен 292 адам жолықты.  Мұның 43 жастар болса,47 -жұмыс іздеушілер, 21- аз қамтылғандар,189 - жұмыссыздар.
Есептегі айға  278  адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

  • 2017 жылға 480 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге бұл көрсеткіш бойынша67  жаңа  жұмыс орны ашылып, жоспар14%-ға орындалды.
  • Жоғарыда аталған бағдарламалар шенберінде 999 адам жұмысқа орналастыру көзделсе  1 сәуірге  жұмысқа орналастырылған 278 адам28%-ды құрап отыр. Мұның ішінде 8 адам жастар практикасына және 20 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданғандар.
  • Ақылы қоғамдық жұмыс халықты мемлекеттік қолдау есебінен жұмыспен қамтудағы негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Жоспарланған 405 адамды жолдау жоспарланды, есепті мерзімге 161 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Бұл көрсеткіш 39%-ға  орындалып отыр.
  • Кәсіптік оқуға 81 адамды оқыту жоспарланса,  с.і. «Аумақты дамыту бағдарламасы» шеңберінде 48 адам. Өңірлік комиссияның қорытындысына сәйкес оқу курстары  ұйымдастырылады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға  арналған  бағдарламасының»(әрі қарай - Бағдарлама)
I-бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық  және кәсіптік  біліммен  және қысқа мерзімді  кәсіптік  оқумен қамтамасыз ету»бойынша 33 адам жолдау жоспарлануда,2017 жылдың 30 қаңтарында аудан әкімінің №11 қаулысымен  «Аудан әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру  мәселелері жөніндегі аудандық  ведомствоаралық  комиссия құрылып», комиссияның шешімімен  барлық  ауылдық  округтерге  қарастырылған  кәсіптік  оқуға   қажеттілікті  анықтау мақсатында сұраныстар жолданды және  кәсіби  мамандықтарды анықтау  және оқуға ниет білдірушілердің  тізімін анықтап, бекіту үшін  әрбір  ауылдық округтерде мобильді топ  құрылды.  Құрылған мобильді  топ  ауданымыздағы  өмірлік  қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың балалары,  әрбір елді мекендегі  оқығысы  келетін  9-11 сынып  түлектері, жұмыссыздар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан    кадрларды  даярлауға  үміткерлерді  анықтауда үлестерін қосып, тізім  жасақталып  басым  мамандықтар  анықталды.

Бағдарламаның ІІ-бағыты «Жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту»шеңберінде 2017 жылға шағын бизнестерін ашуға немесе кеңейтуге 15 адамға  61,4  млн теңге қаражат бөлінді.
Аудан бойынша  өз кәсібін  дамыту үшін  несие алуға ниет білдіруші  азаматтарды  анықтау  мақсатында  ауылдық   округтерден  ұсынбалары  алынды. Ниеттенушілердің басымдық білдіріп отырған мал шаруашылығын дамыту оның ішінде сүтті, етті тұқымдастарына, жылқы шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту,  наубайхана ашу, жарнама желісін кеңейту, көрпе жасау цехтарын ашу т.б. бағыттар.Осы жұмыстар жалғасын табуда.
Бағдарламаның IІI-бағыты«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығыарқылы еңбек нарығын дамыту»
-әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жалпы 7824,0 мың теңге, с.і. республикалық бюджеттен 25 адамға 4223,0 мың теңге,аудандық  бюджеттен 60 адамға 3601,0 мың теңге қаражат бөлінді, есепті мерзімгеқаржыландыру жоспары 307,0мың  теңге, толығымен  игеріліп 100 %-ға орындалды, аудан  аумағандағы 11 жұмыс берушімен  келісім  шарт жасалып  20  адам(6-жастар,2-аз қамтылған) жолданды;
- жастар тәжірибесін  ұйымдастыруғареспубликалық бюджеттен 11572,0  мың теңге қаражат бөлінді, есепті мерзімгеқаржыландыру жоспары  2260мың  теңге, толығымен  игеріліп 100 %-ға орындалды, 11 жұмыс берушімен келісім шарт  жасалып    8  жас  маман  алғашқы тәжірибе жинау  үшін  6 ай  мерзімге     жолданды  және  алдыңғы жылдан тәжірибелерін  10  жас маман жалғастыруда.
-  ақылы  қоғамдық  жұмысқа405 адам жоспарланса, есепті мерзімге 16 адам жолданды, жоспар 39 %- ға орындалды. Аудандық  бюджет есебінен 21650,0 мың теңге қаражат бөлінді,есепті мерзімге қаржыландыру жоспары  3648,0мың  теңге болса,  оның  3647,3  мың  теңгесі игеріліп   100 %-ға орындалды.
- жұмысқа  орналасуға  аудан  бойынша  жұмыс   берушілерден  бос  жұмыс орындары  туралы  берілген  мәліметіне  сәйкес    89 адам(21 – аз қамтылғандар,1-мүгедек,29 - жастар)жұмысқа  орналастырылды, оның  ішінде  2 адам «Өрлеу» бағдарламасының  қатысушысы.
Ағымдағы  жылдың  қаңтар  айында  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасының ІІ бағыты  аясында құс шаруашылығын дамыту үшін  шағын несие алған  Б.Амиров туралы  жергілікті «Екпін» газетіне  мақала  жарияланса, ақпан айында  Б.Амиров өзінің кәсібінің даму қарқыны туралы  облыстық «Қазақстан - Орал», «ТДК42», наурыз айында «Хабар» телеарналарына  сұхбат берілді.
Сонымен қатар, Бағдарламаны толықтай түсіндіру мақсатында жергілікті «Екпін» газетінде  2017 жылдың 31 наурызында №13 санында «Жұмыспен қамтуда жаңа бағдарлама» атты мақала  жарияланды.

Әлеуметтік төлемдер

  • Жыл сайын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаюда. Оның басты себебі - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелерінің жұмысқа орналастырылуы, қайта оқытылуы, қоғамдық жұмысқа тартылуы және жұмыспен қамтудың белсенді формаларымен әр тоқсан сайын ауылдық округ бойынша мониторинг жүргізіп, аз қамтылған отбасыларын кедейліктен шығаруға алынған нақты шаралардың нәтижесі.

Әлеуметтік қорғауға жататын тұлғаларға барлық қаржыландыру көздерінен 2017 жылдың 1 сәуіріне11249,3  мың теңге әлеуметтік және материалдық көмектер көрсетілді, соның ішінде:
- Атаулы әлеуметтік көмек 2017 жылға 19 отбасындағы 70 адамға – 880,0 мың теңге тағайындалып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 адамға азайды;
- Балалар жәрдемақысы  2017  жылға   233 отбасындағы 547 балаға -  3803,3 мың теңге тағайындалды; Өткен жылдың сәйкес кезеңінен балалар жәрдемақысы 32 балаға артық тағайындалды. Бұл бала туу көрсеткішінің жоғарлауына байланысты.
- Тұрғын үй көмегі 2017 жылға 38 отбасына 437,0 мың теңге тағайындалды;
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті уәкілетті органның шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша 2017 жылы130 адамға  2043,0  мың теңге тағайындалды.
-Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арналған материалдық көмек 2017 жылдың 1 сәуіріне 7 балаға 141,2 мың теңгеге көрсетілді, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бала сана сол деңгейде қалды.
- Қайырымдылық көмек 2017 жылы78 адамға 452,8 мың теңге көрсетілді

 

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің 2017 жылдың  1 сәуіріне  атқарылған жұмыстары жөнінде мәлімет
2017  жылдың 1 сәуіріне 015 бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен  мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген қаржы 8694,0  мың теңге, игерілгені 8674,3 мың теңге 99,8 % орындалды. Үйден арнаулы әлеуметтік қызметпен 154 адам қамтылды, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алаушылар саны 4 адамға өсті.


2016 жылдың 1 жартыжылдығына Тасқала ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы  ақпарат

 

Жұмыспен қамту

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстарды жүргізіп келеді.

2016 жылғы 1 шілдесіне  жұмысқа орналасу мәселесімен 609 адам жолығып, оның ішінде 575 адам жұмыссыз деп танылды.

Есепті мерзім ішінде барлығы 717 мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды, соның ішінде 263 адам жұмысқа орналастырылды, 14 адам жастар практикасына, 70 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 317 адам қоғамдық жұмыстарға, 41 адам кәсіптік оқуға жолданды, 12адам несие алды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының (әрі қарай - Бағдарлама) I - бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 1 нысанды - Жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланды. Жұмыс барысында 45 жаңа жұмыс орнын ашып және ашылған жұмыс орындарына 23 адамды жұмыссыздар есебінен Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланды. Күні бүгінге Жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақшасының ғимаратын жөндеу жұмыстары басталып, 30 жаңа жұмыс орындары ашылып, сонын ішінде15 адам Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды. Осы бағытта жұмыс жалғасын табуда.

Бағдарламаның ІІ-бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» шеңберінде 2016 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 20 адамға 60 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті мерзім ішінде микрокредит алуға ниет білдірген 85 адамға  ауылдық округтерге шығып түсінік-кеңес беру жұмыстары жүргізілді.Тасқала аудандық кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес: жылқы шаруашылығына - 4 адам, мал шаруашылығын дамытуға -6, қой шаруашылығына -6, құс шаруашылығына -1, стоматология кабинетін ашу-1, жиһаз құру цехы -1, автокемпинг тұрақ ашуға -1  жобалары бойынша өтініш білдірген 20 адамның тізімі жасақталып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на  ұсынылды.  Соның ішінен 10 адам (2-і жастар) 27,7 млн.теңге  несиелерін  алды (жылқы 2 адам - 6,0 млн. теңге, ірі қара мал шаруашылығына - 2 адам -5,7 млн. теңге, стоматология кабинетін ашу- 1адам- 2,0 млн. теңге, құс шаруашылығына 1 адам- 3,0 млн. теңге, қой шаруашылығына -3 адам - 8,0 млн. теңге, автокемпинг тұрағын ашуға -1адам - 3,0 млн. теңге), қалған адамдардың құжаттары жинақталып, «БҚО ауыл шаруашылығын қолдау қоры» акционерлік қоғамына жолданды.

Өткен  жылдардан қайтарылған қаражат есебінен 4,6 млн теңгеге 2 адам (мал шаруашылығын дамыту) несиелерін алып, өз істерін кеңейтуде.

Бағдарламаның ІІІ-бағыты «Жүмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыска орналасуға жәрдемдесу» бойынша еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша 4 адамды кәсіптік оқудан өту үшін 924,0 мың теңге, 11 адамды  қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін 1847,0 мың теңге, барлығы республикалық бюджеттен 2771,0 мың теңге қаражат бөлінді.Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 48 адамды кәсіптік оқудан өткізу үшін 2360,0 мың теңге қаражат қарастырылды.

Барлығы кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін 63 адамға 5894,0 мың теңге қаражат бөлінді. Мұның сыртында 15 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Есепті мерзім ішінде 41 адам кәсіптік оқумен қамтылды. Атап айтқанда, 5 жұмыссыз «Электрик», 7-і «Газэлектродәнекерлеуші», 5-і «Аргондоғалы дәнекерлеуші», 6-і «Аспазшы», 7-і «Шаштараз», 5-і «Маникюр шебері», 5-і « 1С есепші»  мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға жолданып, соның 18-і оқуларын аяқтап, бүгінгі күнге 13-і жұмыспен қамтылды немесе 76%.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға республикалық бюджеттен 16 адамға 3081,0 мың тенге  және жергілікті бюджеттен 60 адамға 6630,0 мың теңге , барлығы  9711,0 мың теңге қаражат бөлінді. Есепті мерзім ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адам жолданды, сонымен қатар аудан аумағындағы 39  мекемемен келісімшарт жасалды.

Жастар практикасын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 30 адамға 6872,0 мың теңге қаражат бөлініп,  есепті мерзім ішінде 14 адам жастар практикасына жолданып, 11 мекемемен келісімшарт жасалды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 450 адамға 18193,0 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 317 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.

Есепті мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын және мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру бағытында 14 жиналыс-кеңестер кеңес өткізіліп, 4 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аудандық газетте 7 мақала жарияланды.

 

Әлеуметтік төлемдер 

-  Жыл сайын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаюда. Оның басты себебі - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелерінің жұмысқа орналастырылуы, қайта оқытылуы, қоғамдық жұмысқа тартылуы және жұмыспен қамтудың белсенді формаларымен әр тоқсан сайын ауылдық округ тұрғындарына мониторинг жүргізіп, аз қамтылған отбасыларын кедейліктен шығаруға алынған нақты шаралардың нәтижесі.

- Аз қамтылған отбасылар саны аудан бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне 35 отбасы 125 адам, кедейшілік деңгейі 0,7% - ды құрайды.

Әлеуметтік қорғауға жататын тұлғаларға барлық қаржыландыру көздерінен 2016 жылдың 1 шілдесіне 25146,0 мың теңге әлеуметтік және материалдық көмектер көрсетілді, соның ішінде:

- Атаулы әлеуметтік көмек 2016 жылдың 1 шілдесіне 22 отбасындағы 84 адамға - 1157,6  мың теңге тағайындалды, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 отбасы 36 адамға азайды;

- Балалар жәрдемақысы  2016 жылдың 1 шілдесіне 254 отбасындағы 595 балаға -  6365,2 мың теңге тағайындалды;

- Тұрғын үй көмегі 2016 жылдың 1 шілдесіне 46 отбасына 867,9 мың теңге тағайындалды;

- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті уәкілетті органның шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне 401 адамға  6758,5  мың теңге тағайындалды.

- Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арналған материалдық көмек 2016 жылдың 1 шілдесіне 8 балаға 299,8 мың теңгеге көрсетілді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 балаға азайды.

- Қайырымдылық көмек 2016 жылдың 1 шілдесіне 354 адамға 1840,0 мың теңге көрсетілді.

 

Мүгедектермен жұмыс

Аудан бойынша барлық мүгедектер саны 2016 жылы - 545,  соның ішінде:

-         I  топтағы ................................  -    100

-         II  топтағы ................................ -  134

-         III топтағы ................................ -  227

-         16 жасқа дейін мүгедек балалар .....  -   55

-         16 жастан 18 жасқа дейнгі балалар.... -  4

-         ҰОС мүгедегі ............................ -     2

-         ҰОС қатысушы .........................  -     3

-         ҰОСМ-не теңестірілгендер ........... -    20

Ал 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүгедектер саны 15 адамға азайды.

Кресло-арбамен 2016 жылдың үш айында - 1 мүгедек қамтылды.

2016 жылы 2 тоқсан бойынша әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларымен барлығы - 14 мүмкіндігі шектеулі жандар қамтылды. Соның ішінде: 4 - мүгедек квота бойынша тұрақты жұмысқа, 4 - мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 6 мүгедек  уақытша жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы 6 ай ішінде жеке оңалту бағдарламасы негізінде 43 бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші беріліп, олар өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып келеді. Жеке көмекшілердің қызметі үшін 2016 жылға бөлінген 6738,0 мың теңге қаражаттың 6 айға  жоспарланған 4180,0 мың теңге толығымен игерілді.

43 мүгедек жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес тиісті гигиеналық құралдарын  алып отыр.

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 2016 жылға мүгедектерге дене сауықтыру шипажайына 21 жолдама бөлініп, 1 шілдесіне қарасты Щучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайына 5 жалпы аурудан, 4 көзі нашар көретін және 2 -18 жасқа дейінгі  бала мүгедектері жолданып отыр.

 

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің 2016 жылдың 1 шілдесіне  атқарылған жұмыстары жөнінде мәлімет

2016  жылдың 1 шілдесіне  015 бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен  мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген қаржы 11041,0  мың теңге, игерілгені 11035,3 мың теңге, орындалуы 99,9% құрайды. Республикалық  бюджеттен  011 бағдарлама бойынша мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуге трансферттен 7404,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілгені 7307,6 мың теңге 98,7% орындалды.Үйден арнаулы әлеуметтік қызметпен 154 адам қамтылды, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 адамға өсті.

- Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арналған материалдық көмек 2016 жылдың 1 шілдесіне 8 балаға 299,7 мың теңгеге көрсетілді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 балаға азайды (баланың қайтыс болуына байланысты)