Мекен жайы: 091003 БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы, Абай көшесі №6  
Электрондық адрес: merei_akimat_tkv@mail.ru 
Байланыс телефондары: 29-6-24,29-6-93

 

 

Мерей ауылдық округінің әкімі - Нарыков Мэлс Жасанғалиұлы

Нарыков Мэлс Жасанғалиұлы 1983 жылы 27 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Кменка селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Оян жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 2006-2007 жылдары Қосшы ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік сала сұрақтары  бойынша  юас маманы, 2007-2008 жылдары Қосшы селолық округ әкімі аппаратының бас-маман жетекшісі, 2008 жылдан 2010 жылдың сәуіріне дейін Тасқала аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2010 жылы Тасқала аудандық Екпін ЖШС директор-редакторы, 2010 жылдың қазанынан 2013 жылдыңқарашасы аралығында  Тасқа аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, 2013 жылдың 15 қарашасынан бастап Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2018 жылдың 1 наурызынан бастап Мерей ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Отбасы: екі қыз, бір ұлды тәрбиелеуде.

 

Мерей ауылдық округі әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі


А.Ж.Т.

Лауазымы

Күні

Қабылдау уақыты

Нарыков Мэлс Жасанғалиұлы

Ауылдық округ әкімі

Дүйсенбі
сәрсенбі

09.00-13.00
14.30-16.30