Мекен-жайы:  БҚО Тасқала  ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі,23 индекс 091000

Электрондық мекенжай:  zemtaskala@mail.ru

Телефон: 8 (71139)21166, 22525


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

 

Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында, Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:
1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;
2.  Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;
3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;
4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.
Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.
Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.
Конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының  50 % астамын құрайды.
Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін  «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және  әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.
Бұдан басқа, Заң жобасымен Мемлекеттік шекараның  шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.
Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады.
Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссисының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.
Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жол ашатын болады.


Мекеменің негізгі міндеттері: 

Мемлекеттік  мекеме  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  заңдарына, Қазақстан Республикасының  Жер кодексін,Шаруа немесе фермер қожалығы туралы  заңына, Қазақстан  Республикасы  Президентінің, Үкіметінің  актілеріне, өзге де  нормативтік  құқықтық  актілерге және  бөлімнің  ережесіне  сәйкес  жүзеге   асырады.

Тасқала  аудандық  жер  қатынастары  бөлімі облыс және аудан әкімінің  қаулыларын  және тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды.

Мекеменің  міндетті  қызметі:

1) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2-1) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

3) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;

4) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

5) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

6) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

7) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

8) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

10) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргiзу;

11) аудан бойынша  балансын жасау;

12) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

13) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын беру;

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;

16) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

17) Кодекстiң 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

19) жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау жатады.