Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлуеметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылғы 6 айында атқарылған жұмыстарының есебі.


Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Батыс - Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі 5 үй.

Электрондық мекен жай: taskala_sobes@mail.ru

Телефон: 87113922297

Тасқала ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Кентугаева Батима Махамбетқызы

Кентугаева Батима Махамбетқызы 1965 жылдың 20 қаңтарында Шыңғырлау ауданы Амангелді станциясында  дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Орал қаласындағы ауыл шаруашылық институтын бітіргеннен кейін Орал облысы Камен ауданы Амангелді совхозында мөлшерлеуші ретінде механикалық шеберханада бастады.

1991 жылдың наурыз айында автопаркте есепші қызметін атқарды.

1991 жылдың қыркүйек айынан 1992 жылдың мамыр айына дейін «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші көмекшісі қызметін атқарды.

1992 жылдың мамыр айынан 1997 жылдың қыркүйек айына дейін Ұлттық банкінде кассир, есепші қызметтерін атқарды.

1997 жылдың қыркүйек айынан 2002 жылдың қаңтар айына дейін Тасқала аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында бас маман, бас есепші қызметтерін атқарды.

2002 жылдың ақпан айынан 2011 жылдың маусым айына дейін Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2003 жылы қаржыгер мамандығы бойынша Қазақстан  инновациялық  және  телекоммуникалық университетін тәмамдаған.

2011 жылдың маусым айы 2012 жылдың шілде айы аралығында Тасқала ауданы әкімдігінің Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры лауазымын атқарды.

2012 жылдың шілде айы 2014 жылдың маусым айы аралығында Орал қаласындағы Жұмыспен қамту орталығында инспектор, маман, сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2014 жылдың маусым айынан бастап Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры лауазымын атқарды.

2018 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Тасқала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.