Мекенжайы: 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, , IV қабат

Байланыс телефондары: 8 (71139) 40011,21567(факс), 22323

E-mail: oagis-taskala@mail.ru

«Тасқала  ауданының  сәулет, қала құрылысы  және құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

1. «Тасқала ауданының  сәулет, қала құрылысы  және құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме)  жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган   болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеме заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне тиісті жазба жасалған кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.

Мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңдарға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары  болады.

Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Мемлекеттік мекеменің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілетті берілсе, Тасқала ауданы әкімдігі  атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды тарабы болуға құқығы бар.

4. Мемлекеттік мекеме өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады.

5. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті санын Тасқала ауданының әкімдігі бекітеді.

6. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23.

7. Мемлекеттік мекенің атауы оны құру туралы Тасқала ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

Мемлекеттік мекеменің  толық атауы: «Тасқала ауданының  сәулет, қала құрылысы  және құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесі».

8. Тасқала ауданы әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады. Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № ____  қаулысы және осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттары болып табылады.

Тасқала ауданының әкімідігі мемлекеттік мекеменің  мемлекеттік басқару органы, сондай - ақ оған қатысты мемлекеттік меншігі құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.

9. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру мемлекеттік  бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік  субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік мекеменің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес:

1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық  елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

2) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

3) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;

4) пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) заңдарда белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

5) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

6) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, кенттердiң және өзге де ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларының жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

7) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшiн әзiрленетiн қала құрылысы жобаларын жасап, аудан әкімдігіне  бекiтуге ұсыну және iске асыру;

8) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзу;

9)  ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою жөнiнде жұмыстардлы жүргізу;

10) аудандық    базалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастры қызметiн жүзеге асыру;

11) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;

12) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;

13) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

14) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселелер жұмысын ұйымдастырады;

15) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстарды аудан әкімдігі атынан әзірлейді;

16) тарихи-мәдени сараптама негiзiнде тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгiзедi.

11.Мемлекеттік мекеме міндетті:

Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құқықтар белгіленеді:

өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзде ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

сотта талапкер немесе жауапкер болуға құқығы бар.

 

3. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

13. Мемлекеттік мекеменің  негізгі қорлардан және айналым  қаражаттарынан, сондай-ақ бағасы мемлекеттік мекеменің балансында көрінетін өзге де мүліктерден тұратын жедел басқару құқығымен оқшауланған мүліктері болады.

14.  Мемлекеттік мекеменің өзіне белгіленген негізгі қорлардан тұратын мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

15. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

4. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

16. Мемлекеттік мекемені бөлім бастығы басқарады. Бөлім бастығы аудан әкімінің өкімімен тағайындалады және қызметінен босатылады.

Бөлім бастығы ауданның  бас сәулетшiсі болып табылады.

17. Бөлім бастығы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді.

18. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді

19. Бөлім бастығы осы мақсатта:

1) Қарамағындағы мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;

2) Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

3) Заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

4) Мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;

5) Мемлекеттік мекеменінің басқа мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүддесін білдіреді.

6) Қазақстан Республикаларының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері

20. Мемлекеттік мекеме Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес аудан аумағында филиалдар құрып, өкiлдiктер  аша алады.

21. Мемлекеттік мекеменің филиалы оның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн  немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiктiң мiндетiн жүзеге асыратын мекеменің  оқшауланған  бөлiмшесi болып табылады.

 

6. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату

22. Мемлекеттік мекеме туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімімен (әкімдік қаулысымен) ғана жүзеге асады.

23. Құрылтайшы мекеменің мүлкіне меншік құқығын сақтайды.

24. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысымен жүзеге асады.