Мекен-жайы: 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23

Электрондық мекенжай: taskala_roo@mail.ru

Телефон: 21417, 21092

Бөлім басшысы - Нарымбаев Асан Маратұлы

Нарымбаев

Нарымбаев Асан Маратұлы 1983 жылы 13 мамыр Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы II Шежін ауылында дүниеге келген. Отбасы жағдаиы: үиленген. 2000 жылы Шежін орта мектебін бітіріп, 10 маусымнан 21 тамызға дейін Шежін ауылында слесарь - механик болып еңбек еткен. 2000-2004 жылға дейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2004-2005 жылдары Шежін ауылының орта мектебінде тарих пәнінен дәріс берді. 2006-2008 жылдары Тасқала аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман болып қызмет атқарған. 2008 жылдың 17 қаңтарынан бастап 10 қыркүйекке дейін Мереке селолық округі бас маманы болып қызмет етті. 2008-2009 жылдары Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы. 2009 жылдың 15 сәуірінен Тасқала ауданы әкімінің өкімімен Мереке ауылдық округі әкімі қызметін атқарды. 2012 жылдың 27 тамызынан Тасқала аудандық білім бөлімі басшысы лауазымына тағайындалды.

 

 

Мемлекеттік мекеменің атқаратын қызметтері мен міндеттері:

«Тасқала аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі- мемлекеттік мекеме), басшылықты және заңнамада көзделген шектерде оның құзіретіне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттік мекеменің қызмет етудің белгісі ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Мемлекеттік мекеме міндеттері:

- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына халықтың білім алу сұранысын қанағаттандыруына жағдай туғызу үшін көмек көрсету;

- Міндетті орта білімді қамтамасыз етуде ауданның білім мекемелерінің қызметін басқару;

- Жалпы орта білімнің аймақтық құрамдас бөлігінің мазмұнын әзірлеу;

- Аудан бойынша жұмысшы кадрлар және орта білімді мамандар қажеттілігін есепке алып негізгі мектеп түлектерді орта білім алу желілеріне үйлестіру;

- Жергілікті мемлекеттік органдарына орта мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жәрдемдесу;

- Оқушылар мен білім қызметкерлерін әлеуметтік қолдау;

- Оқушыларды тегін тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, тұрмысы нашар жанұялардың балаларына жалпыға бірдей білім беру қорынан материалдық көмек көрсету;

- Ата-анасыз қалған балаларды қамқорлыққа және қорғаншылыққа алуды ұйымдастыру;

- Ауданның барлық меншік түріндегі білім мекемелерін мемлекеттік білім стандартымен қамтамасыз ету;

- Ауданның педагогикалық кадрларымен әдістемелік жұмыстар жүйесін дамыту, ғылыммен өзара іс-қимыл жасау, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру, білім саласындағы қызметкерлерді аттестациялау жүйесін жетілдіру;

- Білім беру саласында инновациялық мәселелерді кеңейту, соның ішінде білім мекемелерін басқару, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;

- Ана тілінде оқыту мен тәрбиелеудің жағдайын жасау, шет тілінде оқытудың дамуына көмектесу, ұлттық салт-дәстүрге, мәдениетке үйрету.

1. Мемлекеттік мекеме өз құзіреті шегінде және заңнамаларда белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

- Білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты;

- Білім мекемелерінің білім саласындағы республикалық, облыстық, аудандық бағдарламалардың жүзеге асыру қызметтерін басқару, облыс, аудан әкімдері шешімінің орындалуын қамтамасыз ету, аймақтық білім жетілдіру бағдарламаларын әзірлеу;

- Аудан әкімі аппаратына және облыстық білім басқармасына ауданның экономикалық және әлеуметтік даму индикативтік жоспарына, соның ішінде білім мекемелерінің жүйесіне, контингентіне, материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, мамандарды даярлауға ұсыныстар әзірлеу және ұсыну;

- Белгіленген тәртіппен аудандағы білім мекемелерінің басқарушы және педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру, олармен әдістемелік жұмысты, аттестациялауды өткізуді ұйымдастыру;

- Жетім, қамқоршысыз қалған, ақыл-ойы кеміс, денсаулығы оқшау және мемлекеттің көмегін қажет ететін балалармен оқыту, тәрбиелеу, балалар құқығын және әлеуметтік қорғау, еңбекті және әлеуметті қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- Аудандық білім жүйесін ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- Аудан әкімі аппаратына аудан бюджеті бойынша білімді қаржыландыру мен шығыс жоспарының жобасын әзірлеу және ұсыныс енгізу, аудандық білім мекемесіне қатысты мәселелерді қаржыландыруды жүзеге асыру, жалпы оқыту қорын, білімді қолдау және дамыту қорларын қалыптастыру;

- Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржылық қамтамасыз етуді жақсарту;

- Ерекш көзге түскен білім беру жүйесінің қызметкерлерін марапаттау және үміткерлерді белгіленген тәртіпте үкіметтік наградалармен марапаттауға және құрмет белгілерін тапсыруға ұсыну;

- Заңнамаларда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштері мен арыздарын, ұсыныстарын қарастыру, жеке сұрақтар бойынша қабылдауды жүргізу;

- Жоғары тұрған органдарға жалпы орта, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша статистикалық есеп беру;

- Оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында кәсіптік білім беру және кадр даярлау мәселелері бойынша әлеуметтік серіктестікті дамыту;

- Өз құзыреті шегінде білім беру мекемелерін аттестаттау және лицензиялау;

- Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізу, білім беру, соның ішінде халықаралық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, таяу және қиыр шығыс елдері білім беру органдары мен мекемелерінің ынтымақтастығы туралы шарт жасасу және байланыс орнату;

- Білім беру жүйесінің негізгі қорларын сақтау, дамыту және жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудан әкімі аппаратына білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде ұсыныс дайындайды және тапсырады. Білім беру мекемелерін орталықтандырылған ресурстармен қамтамасыз ету, оқулықтарға және оқу-әдістемелік әдебиеттерге тапсырыс-жоспар дайындау.