Мекенжайы: 091000, БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы, Молодежная көшесі

Электронды адресTOVP@mail.ru

Байланыс телефондары: 87113922527, 21884

Бөлім басшысы - Дүйсенова Айгүл Серікбайқызы

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- Қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

- Ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімдіктерінің, облыстық ішкі саясат басқармасының құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

- Қоғамда демократиялық институттарды нығайту, Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау;

- Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бағдарламаны әзірлеу және іске асыру ретіндегі жұмыстарды үйлестіру;

- Ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және оның даму барысын жан-жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау. Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөніндегі аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру.

- Аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізу;

- Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасау;

- Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес іске асырушы барлық жастар ұйымдарымен қарым-қатынас жүргізу және жастар мәселесіне қатысты проблемаларды шешуге қатысу.

- Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар және жастар ортасында құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу;

- Жастардың еңбекпен қамтылуына және мамандық алуына жәрдемдесу.

- облыстық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін саяси қамтамасыз ету;

- Ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық қызметін үйлестіру

 

Бөлім бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар:

- 001 - «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».

- 002 - « Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

- 003 - «Жастар саясаты саласында өңірлік бағдарламаларды іске асыру».