№1 Ақтау сайлау округінің депутаты

Думан Ғазез

рисунок1978 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 1998-2002 жылдары бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясында мұғалім болып бастаған. 2003-2005 жылдар аралығында аталмыш оқу орны директорының орынбасары, 2005 жылдан Орал қалалық «Жайық үні» газетінде тілші, аға тілші қызметтерін атқарды.

2007 жылғы  сәуірден 2010 жылдың қарашасына дейін облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына  мониторинг жүргізу бөлімінде бас маман лауазымында  қызмет атқарған.

22.11.2010-19.01.2012 жылдары «Екпін» ЖШС директор-редакторы, 20.01.2012-06.10.2014 жылдар аралығында «Жайық Пресс» ЖШС Тасқала филиалының директоры және аудандық газеттің бас редакторы лауазымдарын атқарды.

2014 жылғы 7 қарашадан бастап «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

№2 Амангелді сайлау округінің депутаты

Федосов Виктор Николаевич

рисунок1953 жылы 17 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданы, Логашкин ауылында дүниеге келген. Ұлты - орыс,білімі - жоғары.

1975 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «агроном»мамандығы бойынша тәмамдаған.

1984-1986 жылдары Шипов совхозының бас агрономы, 1986-1988 жылдары Камен ауданының аудандық ауылшаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, 1988-1999 жылдары Тасқала ауданы Амангелді совхозының директоры қызметтерін атқарған.

1999 жылдан бастап осы уақытқа дейін 
«Чижа-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып қызмет жасайды.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

3,4,5,6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

 

 

№3 Элеватор сайлау округінің депутаты

Құрмышева Назым Ерболатқызы

рисунок1984 жылы 15 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы Қазақ ССР-нің 40 жылдығы атындағы совхозда  дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. Тұрмыста. Бір қызы бар.

2007 жылы А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2007-2008 жылдары «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалының Тасқала аудандық бөлімінің инспекторы, 2008-2010 жылдары «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалының Тасқала ауданы бөлімінде кеңесші міндетін атқарушы, 2010-2012 жылдары «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалының Тасқала ауданы бөлімінде басшының орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылғы 1 қаңтарында «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалы Тасқала ауданы бөлімінің реттеу залы басшысы қызметін атқарды. 2015 жылдың сәуір айынан бастап аталған мекемеде бөлім басшысы лауазымына ауыстырылды.

6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

 

 

№4 Камен сайлау округінің депутаты

Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы

рисунок1974 жылы 6 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Искра ауылында туған, ұлты - қазақ, білімі - жоғары.

1997 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын «режиссер» мамандығы бойынша бітірген.

1997-2004 жылдары Жәнібек ауданының Ұзынкөл селолық мәдениет үйінің әдіскері, «селолық мәдениет үйінің»МКҚК әдіскері, директоры міндетін атқарушы, кәсіпорын әдіскері, 2004-2007 жылдары Тасқала аудандық мәдениет үйінің Ақтау селолық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі, 2007-2010 жылдары аудандық мәдени-демалыс орталығының «Халық» театрының  театр режиссері қызметтерін атқарды.

2010 жылдан бастап аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры болып қызмет атқарады.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

«Нұр Отан» партиясының «Партияның 50 тұлғасы» партиялық жобасының қатысушысы.

5-шақырылымда депутаттық фракция жетекшісі.

5,6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

№5 Маметов сайлау округінің депутаты

Фролов Владимир Викторович 

рисунок1984 жылы 12 шілдеде Орал облысы Камен ауданының Каменка ауылында дүниеге келген. Ұлты орыс, білімі  жоғары

2005 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын «Информатика» мамандығы бойынша  тәмамдаған.

2005 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.

2011 жылы «Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі ретінде ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға белсенді атсалысады.

5,6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

 

 

 

 

№6 Ленин  сайлау округінің депутаты

Жамансариев Жарас Николайұлы

рисунок1961 жылы 14 желтоқсанда РФ Волгоград облысында дүниеге келген. 1982 жылы Орал ауыл шаруашылығы техникумын және одан кейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетін зоотехник мамандығы бойынша тәмамдаған.

ПМК-5 трест «Западэлеватормельстрой» I разряд жұмысшысы, Камен СТК ДОСААФ көлік ісі бойынша мұғалімі, ПМК-25 «Западэлеваторстрой» механик, «Сантехник» кооперативінде слесарь-сантехник, «Жалын» кооператив директордың орынбасары, «Өсімтал» өнеркәсіп орынының директоры, «Автотранс» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

«Арай » шаруа қожалығының басшысы.

2011 жылдан бастап «Тасқала таза сервис» ЖШС директоры болып қызмет атқарады.

2013 жылы Ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру комитетінің «Қазақстан даңқы» орденімен марапатталды.

5,6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

№7 Абай сайлау округінің директоры

Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы 

рисунок1962 жылы 20 сәуірде  Батыс Қазақстан облысы Камен ауданы 2-Шежін ауылында дүниеге келген.

1983 жылы Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1990 жылы емдеу мамандығы бойынша оқуды аяқтады. Білімі жоғары.

Алғашқы еңбек жолын 1990 ж. Камен аудандық ауруханасында учаскелік терапевт болып бастаған.

-   2002- 2011г ж. аудандық аурухана директорының орынбасары

-   19.02.2011жылдан қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Тасқала аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры.

Денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімінің  мақтау қағаздарымен марапатталды, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды, 2015 ж. «Денсаулық сақтаудың үздік менеджерi».

6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

 

№8 Мереке сайлау округінің депутаты

 Рахимов Сансызбай Бақтығалиұлы

рисунок1961 жылы 16 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Камен ауданы Мартынов ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1978 жылы «Степной» орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1979-1984 жылдар аралығында Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтында оқып, «Зооинженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1984-1985 жылдары Чапаев ауданының «Жамбыл» совхозында зоотехник-селекционер қызметін атқарды. 1985-1986 жылдары «Степной» совхозы комсомол комитетінің хатшысы. 1986-1988 жылдары осы шаруашылықтың бас зоотехнигі болып еңбек еткен.

1988-1993 жылдары аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің жастар бөлімінің меңгерушісі, 1993-1995 жылдары аудан әкімшілігінің іс басқарушысы. 1995-1998 жылдары аудандық мәслихаттың бас маманы. 1998-1999 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1999-2003 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы. 2003-2007 жылдар аралығында  Достық ауылдық округінің әкімі, 2007-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2012 жылдан Тасқала аудандық мәслихатының хатшысы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне
20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медальдарымен және«Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған.

4 шақырылымда депутаттық фракция жетекшісі.

4,5,6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

2016 жылы 25 наурыз күні 6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

 

 

№9 Семиглавый-Мар сайлау округінің депутаты

Аманбаев Сары - Тау Жолдауұлы

рисунок25 маусым 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Вавилино ауылында дүниеге келген. 2005-2009 жылдар аралығында «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығын алып «Еуразия» академиясын бітірген.

2004 жылдан бастап «Аманбаев» ШҚ басшысы.

2013 жылы Халықаралық «Лучшие Люди» энциклопедиясына енгізілді.

5,6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№10 Қазақстан сайлау округінің депутаты

Қодаров Ақылбек Ислямғалиұлы

рисунок7 шілде 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Атамекен ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі арнаулы орта. 2006 жылы Орал Гуманитарлық колледжін «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Ақылбек Ислямғалиұлы алғашқы еңбек жолын 2005 жылдың 1 қыркүйегінде Совхоз орта мектебінде аға тәлімгер, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдың 5 сәуірінен Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының жастармен жұмыс жөніндегі статисті маманы болып қызмет атқарған. 2008 жылдың 3 қаңтарынан «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2010 жылдың 8 маусымынан Тасқала аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2011 жылдың 5 қаңтарынан Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәдениет және тілдерді дамыту сұрақтары бойынша бас маманы, 2011 жылдың  мамыр айынан Тасқала аудандық мәдение - демалыс орталығы жанындағы мұражай қорын жинақтаушы болып қызмет істеген. 2012 жылдың наурызынан бастап «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2012 жылдың шілдесінен  бастап Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2013 жылдың тамыз айынан Тасқала ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы және Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры міндетін атқарған. 2014 жылдың наурызынан бастап күні бүгінге дейін Тасқала ауданы әкімдігі, Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс істейді.

6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

№ 11 Логашкин сайлау округінің депутаты

Сәрсенбаев Әлібек Нәубетұлы

рисунок1957 жылы 27 қарашада Жалпақтал ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары.

1981 жылы Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1981-1982 жылдары Орал облыстық сақтандыру басқармасының инспекторы ретінде бастап, 1982-1983 жылдары Камен ауданы Степной совхозының №4 фермасында  агроном, 1983-1987 жылдары «Сельхозхимия» аудандық өндірістік бірлестік төрағасының орынбасары, 1987-1988 жылдары Семиглавый Мар ауылшаруашылық серіктестіктің бас агрономы, 1988-1990 жылдары «Орал мұнайгаз геологиясы» МБМ участкесінің мастері, 1990-1992 жылдары Камен аудандық атқарушы комитетінің референті, 1991-1996 жылдары «Алтын дән» ШҚ басшысы, 1996-2004 жылдары «Шипов элеваторы» АҚ директоры болып қызмет атқарған. 2004 жылдан бастап «Тасқала-Дән» ЖШС-де  директор.

2010 жылы «Астанаға 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, 2013 жылы Ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру комитетінің «Қазақстан даңқы» және «Қолдау көрсету және ынталандыру орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Ұлт даңқы» ордендерімен, 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төс белгісімен марапатталған.

4,5,6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.

 

 

№ 12 Шежін сайлау округінің депутаты

Геметдинов Анарбек Базарбайұлы

рисунокГеметдинов Анарбек Базарбайұлы 1974 жылы
7 қарашада Тасқала ауданы, ІІ Шежін ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі жоғары. Мамандығы - география және биология пәнінің  мұғалімі.

1991 жылы М.Өтемісов атындағы мектеп-интернатты бітіріп, Батыс Қазақстан мемлекеттік гуманитарлық университетінің география факультетін география және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы «Жаңауыл» шаруа қожалығының басшысы болып бастап, қазіргі уақытқа дейін аталған шаруашылықты басқарып келеді.    

6-шақырылған Тасқала аудандық мәслихатының депутаты.