Аудан әкімі - Алдияр Сансызбайұлы Халелов

Алдияр Сансызбайұлы Халелов 1958 жылдың 11 қыркүйегінде Орал облысы  Жәнібек ауданы «Қайрат» совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981 жылы Жамбыл гидромелиоративті - құрылыс институтын «Гидромелиорация; инженер - гидротехник» мамандығы бойынша бітірді.

1981 жылдың қыркүйек 1988 жылдың қыркүйек айлары аралығында Приурал ауданы, Трекин ауылындағы Желаев аудандық арнайы ауылшаруашылық бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы.

1988 жылдың қыркүйек 1990 жылдың қаңтар айлары аралығында Приурал ауданы, Рубежин ауылындағы М.Маметова атындағы колхозының партия комитетінің хатшысы.

1990 жылдың қаңтар 1996 жылдың желтоқсан айлары Приурал ауданының Трекин  ауылдық кеңесінің төрағасы, Трекин ауылдық әкімшілік басшысы, Трекин ауылдық округінің әкімі.

1996 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың тамызына дейін Приурал ауданы әкімінің бірінші орынбасары.

1997 жылдың тамыз айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.

2002 жылдың сәуір-мамыр айлары Батыс Қазақстан облысы лицензиялау және сәулет - құрылысы аумақтық басқармасы филиалы бас маманының м.а.

2002 жылдың мамыр 2011 жылдың қараша айларында Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2011 жылдың 2 желтоқсанынан 2016 жылдың 27 мамырына дейін Шыңғырлау ауданының әкімі қызметін атқарды.

2016 жылдың 28 мамырдан 2018 жылдың 4 маусымына дейін  Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарды.

2018 жылдың 4 маусымынан бастап Тасқала ауданының әкімі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметіне 20 жыл» естелік мерейтойлық медалімен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен, «Нұр Отан» ХДП-ның орталық саяси кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

2012 жылы «Зеленов ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

2016 жылы «Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.


Тасқала ауданы әкімінің орынбасары - Баяндықов Арсен Толқынұлы

Баяндықов Арсен Толқынұлы 1982 жылдың 7 ақпанында Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2002 жылы БҚМУ заңгер мамандығы бойынша, 2006 жылы Еуразия институтын есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

2002-2005 жылдары Сырым ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы-заңгер;

2005-2006 жылдары Сырым ауданының әділет басқармасының бас маманы;

2006-2007 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратнының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бас маман-заңгері;

2007-2017 жылдың тамыз айына дейін Батыс Қазақстан облысының кәсіперлік және индустриалдық иновациялық даму басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған;

2017 жылдың 8 тамызынан Тасқала ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


Тасқала аудан әкімінің орынбасары - Жұбанышқалиева Люция Әсетқызы

рисунокЖұбанышқалиева Люция Әсетқызы 1966 жылы 18 шілдеде БҚО Камен (қазіргі Тасқала) ауданының II-Шежін ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған.

1985-1998 жылдары Орал педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін, еңбек жолын Тасқала ауданының Амангелді орта мектебінде аға тәлімгерліктен бастап, бастауыш сынып мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

1998-2000 жылдары Карл Маркс (қазіргі Ы.Алтынсарин) атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі және аудандық білім бөлімінің әдіскері жұмыстарын қоса атқарды.

2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдарда аудан әкімінің әлеуметтік салаларын дамыту мәселелері бойынша орынбасары, облыстық білім басқармасының бас маманы, аудандық ішкі саясат және мәдениет, тілдерді дамыту бөлімдерінің басшысы болып жұмыс жасады.

2009 жылдың наурыз айынан бастап аудан әкімінің әлеуметтік салаларын дамыту мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды

Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы – Нурекешев Қанат Мақсотұлы

Нурекешев Қанат Мақсотұлы 1992 жылы 14 наурызда Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы, Социализм ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары:  2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін (құқықтану бакалавры) бітірді.

18.10.2013-26.12.2013 жж. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы;  

2013-2015 жж. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;

2015-2016 жж. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;

2016-2017 жж. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас инспекторы;

2017-2018 жж. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының білім беру бөлімінің әкімшілік сектор меңгерушісі;

2018 жылдың 20  желтоқсан күнінен бастап Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы.