Тасқала ауданының ветеринария бөлімі бойынша 2017 жылдың 6 - айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет.

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы


Мекен-жайы: БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі,23 индекс 091000
Электрондық мекенжай: taskalavetotdel@mail.ru,
Телефон: 8 (71139) 22795, 22798
Бөлім басшысы - Халауедин Аян Халауединұлы


Халауедин Аян Халауединұлы 1976 жылы 22 шілдеде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1998 жылы  Батыс Қазақстан аграрлық  техникалық университетін «Мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірген. 1999-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылында, «Зеленов аудандық мал дәрігерлік кадағалау бөлімінде» жетекші маман болып жұмыс істеген. 2005 жылдың ақпан айынан маусым айына дейін Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылдық округі әкімі көмекшісінің міндетін атқарушы, 2005-2007 жылдары Переметный селолық округі әкімінің көмекшісі, 2007-2010 жылдары Переметный     ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары Зеленов ауданының ветеринария бөлімінің басшысы,2012-2017 жылдары Переметный ауылдың округінің әкімі, 2017-2018 жылдары Ақсай қаласының әкімінің орынбасары қызметінде болған. 2018 -2019 жылдары Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарса, 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Тасқала ауданының ветеринария бөлімі  басшысы лауазымдық  қызметінде.