Мекенжайы: Батыс- Қазақстан облысы  Тасқала ауданы  Тасқала селосы   Абай көшесі  23 үй.

Электрондық адрес: raifo-tlv@mail.ru raifo-tlv @rambler.ru.

Телефон: 8(71139)21221,   8(71139)21436,  8(71139) 21178,  8(71139)22417.

Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы -  Тастембекова Людмила Владимировна

 

Тастембекова Людмила Владимировна 1975 жылы 5 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Камен ауданы              Каменка ауылында дүниеге келді. 

1993 жылы «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша Орал құрылыс техникумын бітірді. 

2003  жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылдың  тамыз айынан Камен ауданының қаржы бөлімінде есепші қызметінен бастады.

1995-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарды.

2001-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің есеп бөлімінде салық инспекторы қызметін атқарды.

2003-2015 жылдары Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маман-экономисті қызметін атқарды.

2015- 2018 жылдары  Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың 2 шілдесінен бастап Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2018 жылдың 29 қазан күнінен Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

 

 

Негізгі функцияналдық міндеттері мен қызметтері:

1) бюджет процессін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылық бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауылдық аумақтардың дамуын талдауды мониторингісін жүргізу ;

3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімдік жоспарларын, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды дайындауға қатысу;

4) жергілікті бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жєне қалыптастыруды, коммуналдық жеке меншікті басқаруды қамтамасыз ету;

5) жергілікті бюджеттің атқарылуы, коммуналдық меншікті басқару сферасында салааралық реттеу және әдістемелік басқару;

6) аудандық бюджеттің атқарылуы барысында аудандық бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау;

7) аудандық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

8) аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті, сонымен қатар мемлекеттік қаржы мен коммуналдық жекеменшік туралы статистикалық есепті құрастыру;

9) шарттарға қол қоюға қатысу, сондай-ақ мүліктік жалдау, коммуналдық меншік объектілерінің сенімгерлік басқармасына ұсынуы сұрақтары бойынша орындалуын бақылау;

10) жиынтық есептің жүзеге асырылуы мен заңды тәртіпте белгіленген коммуналдық меншікті тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;

11) мемлекеттік пакет акцияларына және мемлекеттік үлескерлік қатысуына қатынасы бойынша меншіктік құқықты өткізу;

12) мемлекеттік пакет акцияларының және мемлекеттік үлескерлік қатысуының, берілген өкілеттікпен байланысты басқа да міндеттер мен функцияларды тиімді басқаруын ұйымдастыру, бақылау және мониторинг жүргізу;

13) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асыру;

14) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу;

15) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізі туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;

16) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсәпкерлік субъектілерінің меншігіне сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізгі беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;

17) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 4-ші тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланған мүлікке ақшалай өтем төлеу;

18) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліетің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардаң, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

19) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

20) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының бақылауды жүзеге асыру.


 

2017 жылдың 1 маусымына арналған Тасқала ауданы бюджетінің орындалуы туралы анықтама