Нарымбаев

Бөлім басшысы - Шакиров Талғат Асқарұлы

Шакиров Талғат Асқарұлы 1973 жылы 26 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданы, 2 Шежін ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ.

Білімі жоғары. 1998 жылы Алматы қаласында Қазақ дене тәрбиелеу мәдениеті институтын дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997-2005 жылдары БҚО Тасқала ауданы  Шежін орта мектебінде дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 2005-2007 жылдары Тасқала аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің футбол жаттықтырушысы болып жұмыс атқарған.

2007-2012 жылдары Амангелді ЖББОМБ-ның директоры, 2012 жылдан 2013 жылдың  тамыз  айына дейін  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің директоры. 2013 жылдың 12 тамызынан бастап Шежін ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

2019 жылдың 4 ақпанынан Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Отбасылық жағдайы: үйленген, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.