Мекен-жайы: 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі  23

Электрондық мекенжай: otdel_kultura_taskala @mail. ru

Телефон: 21046, 21686, 21498.

Бөлім басшысы-Дүйсенова Айгүл Серікбайқызы

Бүгін аудан әкімі А.Халеловтың 2019 жылғы 19 ақпан күнгі №29 өкімімен Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы лауазымына Дүйсенова Айгүл Серікбайқызы  тағайындалды.

Дүйсенова Айгүл Серікбайқызы 1977 жылы 5 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауданы, Қараөзен ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1998 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін  қазақ тілі және әдебиеті, араб тілінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Оян ауылының Оян орта  мектебінде  қазақ  тілі  және  әдебиет  пәнінің  мұғалімі қызметінен бастады.

1999-2001 жылдары Тасқала ауданы әкімінің аппаратында бас маман, 2001-2005 жылдары Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында әдіскер, 2005-2006 жылдары Тасқала ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, 2006-2008 жылдары Тасқала ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

 

Негізгі атқаратын міндеттері және функциялары:

1) театр, музыка және кино өнерi, кiтапхана және мұражай iсi, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметiн қолдауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;

2) жергiлiктi маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бiрлестiктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi жүзеге асырады;     

4) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетедi;

5) ауданның аумағында тiлдердi қолдану және дамытудың өңiрлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;

6) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

7) ономастикалық комиссияның қызметiн үйлестiредi;

8) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;

9) спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзуді ұйымдастырады;

10) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;

12) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

13) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

14) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

15) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi.

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы