Құрметті сайттың тұтынушысы! Осы бөлімде біз Сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз. Төменде көрсетілген форманы толтырып, өз сұрағыңызды жүктей аласыз.

Комментарии   

# Сагатов Есетай 06.08.2018 10:00
1930 жылдарда аталарым Мендыбеков ,Сагатов дегендер Енбекши-Казак ауылдын тургундар еди, казирде сол ауыл калай аталады. Осындай фамилиямен азаматтардын архив бойынша документерди таупалуга болама? Жауаптарынызга рахмет.
Ответить
# Тасқала ауданының әкімі Халелов Алдияр Сансызбайұлы! 14.08.2018 10:01
Құрметті Сағатов Есетай!
Тасқала ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы менің блогыма жолдаған сұрағыңыз бойынша келесіні мәлімдеймін:

Еңбекші Қазақ ет-сүт совхозының құжаттары «Батыс Қазақстан облысы ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Тасқала ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне түскен жоқ. Сіз өз өтінішіңізді «Батыс Қазақстан облысы ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мекемесіне жолдауыңызға болады. Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі 85 үй, тел: 8(7112) 242487, 8(7112) 242612
Ответить
# Сердалиева Багимгуль Гарифулловна! 14.02.2018 10:31
Салематсызба Санжар Жуматайулы сызден комек сураймын отынып мен уш баланын анасымын осы таскалада ул Сабирова 6/6квартира жалдап турамыз турып жаткан уйым бир комната суы жок маган оте киын осы жакында тортыншы баланын анасы боламын сызден уй комегын сураймын уй беруныздыс сураймын квартирде туру өте қиын акшамыз жетпейды толеуге сізден өтынып көмек сұраймын жауабынызды күтемін.
Ответить
# Тасқала ауданының әкімі Әлиев Санжар Жұматайұлы! 14.02.2018 10:31
Құрметті Бағымгүл Ғарифоллақызы! Тасқала ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы менің блогыма сұрақ жолдағаныңызға алғыс айта отырып, сіздің 2018 жылғы 7 ақпандағы тұрғын үй мәселесі жөніндегі сұрағыңызға қатысты келесіні мәлімдеймін:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін алдымен өзіңіздің санатыңызды айқындап, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тіркелу қажет етеді. Яғни бұл санаттар: 1) Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер санаты; 2) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты; 3) Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты, 4) Жалғыз тұрғын үйі белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тұруға болады. Сонымен қатар, кезекке тұрған кезде өзіңізде және отбасы мүшелеріңіздің атында соңғы бес жыл ішінде тұрғын үй болмауы қажет. Тұрғын үй кезегіне тұру үшін алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жазып, жоғарыда көсетілген санаттарға орай құжаттар тапсырылады. Тапсырылған құжаттарды аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы қарап, тұрғын үй кезегіне қою немесе бас тарту жөнінде шешім шығарады. Алдағы уақытта тұрғын үй құрылысы жүргізілген жағдайда тұрғын үй тек кезекпен берілетін болады. Кезектен тыс тұрғын үйлер берілмейді. Қосымша ақпаратты Тасқала ауылы Абай көшесі №23, 4 қабатта орналасқан Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алуға болады.
Ответить
# Аубакова Алмагуль Орынтаевна 15.12.2017 05:04
Саламатсызба Санжар Жұматайұлы! Мені толғандыратын мәселе ауылымыздағы дәрігерлердің жағдайы бір фельдшер, бала дәрігері және акушер болған. Бала дәрігері мен акушер 0.5 жұмыс істейді Олардың жұмысы күнімен түнімен санаспайтын жұмыс әрі қағаздары бар толтыратын. Содан бір дәрігер акушеркамыз зейнет жасқа бір жыл қалғанда оны жұмыстан шығуға итермеледі ол арыз жазып шығып кетті. Енді екі дәрігер оларға қиын болды. Ауырып қалған балаға да үлкен кісіге де шақырып жатады үлгере алмайды күткен кісініңнің давлениесі көтеріледі. Осы мәселені шешіп берсеңіз. Ауылымыздағы 893 адамның қағазын толтыру оларды қарап шығу екі дәрігер оның біреуі жарты ставка оған қоса Тасқаладағы жиналыс, семинарлар сонда қалай болады. Акушерсіз қиын. Мүмкін акушерімізді қайта жұмысқа шақырып ала ма. Сосын жарты ставка қалай ол. Ойлап отырса дұрыс жасамады. Сол жоғардағыларды жарты ставкамен біздің ауылда істеп көрсінші қалай болар екен. Ынтымақ және Бастау ауылының дәрігерлері бар бірақ ол ауылдарда да өз ауырып қалатындары бар ғой.
Ответить
# Тасқала ауданының әкімі Әлиев Санжар Жұматайұлы! 15.12.2017 05:04
Құрметті Аубакова Алмагүл Орынтайқызы! Менің блогыма сұағыңызды қалдырғаныңыз үшін рахмет. Сіздің қойған сауалыңыз бойынша келесіні хабарлаймын.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 28.04.2015 ж. №284 « Жүйе нормативі» бұйрығына сәйкес, тұрғыны 800 ден 2000-ға дейінгі елді-мекенде фельдшерлік-акушерлік пункт қарастырылған. Достық ауылдық округінде орта арнаулы білімі бар штаттық нормативтерге сәйкес 4 медицина қызметкері жұмыс істейді:
1. «Ынтымақ» медициналық пунктінде – 1,0 штаттық мөлшерлеме
2. «Бастау» медициналық пунктінде – 1,0 штаттық мөлшерлеме
3. «Достық» фельдшерлік-акушерлік пунктінде – 2,0 штаттық мөлшерлеме
Бүгінгі уақытта «Достық» фельдшерлік-акушерлік пунктінде – 1 фельдшер – 1,0 штаттық мөлшерлемемен, 1 медбике – 1,0 штаттық мөлшерлемемен жұмыс жасайды. Акушер өз еркімен, отбасы жағдайына байланысты жұмыстан босатылған. Тасқала аудандық орталықтандырылған аурухана директоры Г.Кенжешева бірнеше рет акушеркамен жұмысын жалғастыру туралы әңгімелескен. Алайда, жұмысын жалғастырудан бас тартқан.
«Достық» фельдшерлік-акушерлік пункті телефонмен, санитарлық автокөлікпен қамтылған.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 29.05.2015 ж. №429 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Республикалық бюджеттен, негізгі еңбекақымен қоса барлық учаскелік медбикелер, фельдшерлер КЖНЫК (Кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті) алады.
Ответить
# Нурлан 12.12.2017 08:15
Сəлеметсізбе! Мен ауыл шаруашылығымен асыл тұқымды ірі қара малын көбейту саласымен айналысқым келеді. Өзімнің жинаған қаржым бар техникаға жəне де басқа шаруашылыққа керек бұйымдарға. Еліміздің Сыбаға бағдарламасымен беріліп жатқан кредит төлемімен ірі қара мал алғым келген. Ауданымызда қазіргі уақытта мал шаруашылығына арналған жер телімі жоқ екен. Барлық жерлер егін егуге арналған. Сізден сұрайтыным. Мал шаруашылығымен айналысуға жер телімін алуға қандай көмек бере аласыңыз? Маған Атамекен ауылына айналасынан 200гектар жерде жетер еді
Ответить
# Тасқала ауданының әкімі Әлиев Санжар Жұматайұлы! 22.12.2017 06:23
Тасқала ауданының әкімі Әлиев Санжар Жұматайұлы!
Құрметті Нұрлан!

Менің блогыма сұрақ қалдырғаныңыз үшін рахмет. Сіздің сұрағыңыз бойынша келесіні хабарлаймын.
Мал шаруашылығын дамытуға, нақтылап айтқанда ірі қара мал сатып алуға «Сыбаға» бағдарламасы іске қосылған. Сұрақтарыңыз бойынша «Тасқала» несие серіктестігіне (Тасқала ауылы, Момышұлы көшесі, Шипов элеваторы ғимараты) немесе «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на (Орал қаласы, Ихсанов көшесі, 38 үй) жолығуыңызға болады. Сондай-ақ толық ақпарат және кеңес үшін Сіз «Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не (Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23 үй, 110 кабинет, тел.8(71139)21359) келуіңізге болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну конкурс арқылы өткізіледі.
ҚР Жер кодексiнің 48-бабы бойынша «Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» заңдары негізінде алынады. Конкурсқа Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қатысуына мүмкіндіктері бар. Конкурс туралы хабарлама Тасқала ауданы әкімдігінің ресми сайтында, аудандық «Екпін» газетінде және «E-лицензирование» ақпараттық жүйесінде жарияланады.
Атамакен ауылының аумағынан шаруа қожалығын жүргізуге 200 гектар жер учаскесін анықтау үшін Тасқала аудандық жер қатынастары бөліміне (Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23 үй, 104,114 кабинет, тел. 21166, 22525) жолығуыңызды сұраймын.
Ответить
# Алтынай 27.02.2017 10:25
Салематсизбе мен Мангурова Алтынай Набиулиевна Орлеу багдарламасына катыстым, бирак маган пособие толемей калды доходын асып турдеп.Мен озим мать одиночкамын зан бойынша, озим жумыс истемим .еки кызым бар сол дурыспа.
Ответить
# Мусалимова Раушан Сабырғалиқызы 01.03.2017 16:52
Сәлеметсізбе Алтынай!
Сізден 2017 жылдың 1 тоқсанына 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына өтініш түспегенін қаперлеймін. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алу үшін Ақтау ауылдық округі әкімінің атына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына өтінішке қоса төмендегі құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет:
1. Жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
3. Отбасы құрамы туралы мәлімет
4. Отбасының табыстары туралы мәлімет
5. Мекен-жай анықтамасы
Ответить

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту